Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың компьютерлік сауаты қалай?

Халықтың компьютерлік сауаты қалай?

ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Ғылым мен техниканың, ақпараттық технологияның күннен-күнге қарыштап дамуы қоғамның жаңаша даму келбетін көрсетеді. Қазіргі заман талабына сай қоғамды жаппай ақпараттық технологиямен қаруландыру басты орынға қойылып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін атап көрсеткен. Осыған сәйкес цифрлық сауаттылықтың 4 бағыты бойынша, атап айтар болсақ, «Цифрлық базалық білім», «Электронды үкімет және электронды қызметтер», «Ашық үкімет», «Электронды коммерция» бағыттары бойынша жұмыстар жолға қойылды. Соның бір айғағы, Қазалы ауданында «Цифрлық базалық білім бойынша» – 1580, «Ашық үкімет» бойынша – 1835 тұрғын осы жылғы 26 мамыр мен 5 маусым аралығында тегін оқытылды.
Тұрғындардың ішінде ата-аналар, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар жұмыссыздар мен зейнеткерлер де бар. Мұндағы мақсат – тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету, бірдей деңгейде білімін қалыптастыру, халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру.
Тұрғындарды компьютерлік сауатты­лыққа оқытуды аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдері, бағдарла­машылар жүргізді. Оқу аяқталғаннан кейін тұрғындардың білім деңгейін анықтау мақсатында «Цифрлық сауаттылық» деген бағдарлама арқылы тест сынақтары алынды. Нәтижесінде тұрғындардың көрсеткіші жақсы деп бағаланды.
Қайыржан ТІЛЕУҚАБЫЛ
26 маусым 2018 ж. 2 103 0

Бензин қымбаттады

06 ақпан 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728