Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, іс жүзінде Қазақстанның бүкіл аумағына әлі де оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпал етіп келеді, соның алдарынан елдің баcым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстікте, оңтүстік – шығыста нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жауын жауады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, батысында, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз кейде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы болады. Алматыда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 2-7 метр жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы болады. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус жылы болады.
07 шілде 2022 ж. 560 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 147

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031