Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы Қазалыда

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы Қазалыда

Қазалыда «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында «Ана – тіршіліктің тірегі» тақырыбында келелі кездесу өтті.
Өткен аптада «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның негізі» тақырыбында облысымызда аймақ басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІV сессиясында аталмыш жобаның маңыздылығы айтылып, жұмысын жүйелі түрде жүргізу тапсырылған болатын.
Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Д. Тілеуімбетов қатысушыларды жобаны жандандыру мақсатында жаңа идеялармен бөлісіп, ашық әңгіме алаңын құруға шақырды.
Алғы сөзді ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесінің үздік үлгілерін насихаттап жүрген өңірлік Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова алды.
Саясаттағы, бизнестегі, мемлекеттік басқару органдары мен түрлі саладағы іскер әйелдердің басын қосып жүйелі жұмыс жасап жүрген облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева, ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Анжела Садықбекова және облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Галина Щербакова ұлттық тәрбиенің бастауы саналатын аналар өнегесі, отбасы құндылығы турасында әңгімеледі.
Ал жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа тәрбиелеуде ассамблея жанынан құрылған Қазалы аудандық Аналар кеңесінің ауқымды жұмысы жайлы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нафиса Жұма сөз қозғады.
Кездесуде ауданда білім, мәдениет, денсаулық саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандылар мен ардагер аналар тұшымды ой-пікірлерін ортаға салды.
Мұнан соң өңірдің, ауданның дамуына сүбелі үлесін қосып, ұрпақ тәрбиесіне ұлттық ұстаныммен қарайтын аналар марапатталды.
28 маусым 2022 ж. 974 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031