Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқығыңды білесің бе, тұтынушы?

Құқығыңды білесің бе, тұтынушы?

Бүгінде азық-түлік нысандары көптеп ашылып жатқанымен, ондағы мамандар тарапынан көрсетілетін қызмет сапасы нашар. Дүкендерде сатып алушы мен сатушылардың арасында түсініспеушіліктер жиі орын алып жатады. Мысалы, сіз бір затты аламын деп, бірнешесін құлатып алдыңыз. Егер дүкен сатушысы немесе менеджері сізге жарамсыз болып қалған барлық бөтелкенің ақшасын төлеуді талап етсе не істейсіз? Бұл мәселелер жайында заң не дейді?

Сындырып алған затқа кім жауапты?

Залдың ортасында тұрған бірнеше затқа қолыңыз тиіп кетіп, барлығын сындырып алдыңыз. Ондай жағдайда тауар кассадан өтіп, сіз оның ақшасын төлемейінше зат әлі де дүкенге тиесілі болады. Ал дүкен директоры мұндай жағдайлар туындамас үшін, қызметкерлердің тауарды нормативтерге сәйкес орналастыруын ұйымдастыруы қажет. Сондықтан залдың ортасында белгілі бір заттан әртүрлі фигураларды құрау және тағы да басқалай қолайсыз орналасқан зат сатып алушылардың дүкенді емін-еркін аралауына кедергі болмауы керек.


Сақтау камерасына сөмке тастау міндет пе?

Әрбір супермаркеттің кіреберісінде қырағы күзетші қарауылдап, дүкенге келген тұтынушыдан сөмкесін сақтау камерасына қоюын сұрайды. Егер сіз ол тәртіпке бағынбасаңыз, дүкеннен шығуыңызды өтініп те жатады. Заң бойынша, дүкенге кірерде сатып алушылар жеке заттарын сыртқа тастап кетуге міндетті емес. Керісінше, сіз қарсы пікір айтқанда, сөмкеңізді бейне бақылауға тастамағыныңыз үшін сізді дүкенге кіргізбей қоюға да олар құқылы емес. Бұл жағдайды күзетшіге немесе дүкеннің менеджеріне түсіндіріп айтыңыз.
Тағы бір айта кететіні, сіз заттарыңызды бейне бақылауға қалдырып, артынша жеке затыңыз орнында жоқ болса, бірден кінәні дүкеннің немесе супермаркеттің әкімшілігінен іздеңіз. Жоғалған затыңыздың ақшасын толықтай төлеуге олар міндетті.
Негізінен дүкенде тұрған күзетшілердің құқық қорғау органдарына қатысы жоқ. Олар жеке компанияның қауіпсіздік қызметкері болып табылады. Ешқандай арнайы протоколсыз олар сізді тінтуге құқылы емес. Сондықтан арнайы полиция қызметкерін шақырыңыз.

Менде ұсақ жоқ

Сізден ұсақ ақша беруді немесе сізді басқа кассаға баруды өтінсе, сіз ары-бері жүруге міндетті емессіз. Бұл – заңсыз. Дүкен директоры кассадағы ақшаның ұсақ-ірісіне бақылау жасауға міндетті. Сондықтан сіз бұл мәселені шешуді талап ете аласыз. Сөреде басқа баға, кассада басқа баға. Сіз сөреден тауарды алып, кассаға бардыңыз. Алайда, кассашы сіздің затыңызды компьютерге енгізгеннен соң барып сізге сөредегі бағаны ауыстыруды ұмытып кеткенін айтып, басқа баға көрсетіп тұрса, бұл кезде дүкен әкімшілігінен тап сол сөредегі бағаны талап ете аласыз.

Жасырын баға жапсырылса...

Мұндай жағдайлар ірі супермаркеттерде көптеп орын алады. Себебі белгілі бір уақыттарда арнайы тапсырыспен олардың бағалары өзгеріп отырады. Мұндай кезде сатушылар сол бағаларды алып тастаудың орнына үстіне жаңа бағаны жапсыра береді. Сіз мұны байқаған жағдайда дүкенге келіп, заттың бағасын сәйкестендіріп, ақшаңызды қайтарып алуыңызға болады.

Серік АҚМЫРЗА

21 маусым 2022 ж. 335 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031