Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақ халқының көңілінің кеңдігінің арқасында басқа этнос өкілдері тату өмір сүріп жатыр» - Асылы Осман

«Қазақ халқының көңілінің кеңдігінің арқасында басқа этнос өкілдері тату өмір сүріп жатыр» - Асылы Осман

Береке бірлігі жарасқан Қазақстан өзге елдерге шын мәнінде үлгі бола алады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман айтып берді, деп хабарлайды sn.kz.
Ғалымның айтуынша, қазақ халқының көңілінің кеңдігі, таза пейілі, дархандығының арқасында қазақ жерінде бүгінде бірталай ұлт өкілдері тату тәтті, бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді.
«Қазіргі таңда қазақтан басқа өзге ұлтты өзімен тең көріп отырған басқа қандай қай ел бар әлемде?! Сондықтан мен бүгінде Қазақстандағы ұлттар достығы өзге елдерге шын мәнінде үлгі бола алады деп айта аламын. Дегенмен, бәрімізге осы береке-бірлігімізді сақтап, оны ары қарай дамыту керек. Ол үшін бізге таза ниет, ықылас керек», - деді ғалым.
Тіл жанашыры қазақ тілінің бүгінгі халіне көңілі толмайтынын жасырған жоқ.
«Шын айтайын, қазақ тілінің бүгінгі халі менің көңілімді қуантпайды. Ұлттың жаны, рухының үні, ең құнды дүниесі оның тілі. Сіздің тарихыңызды, әдебиетіңізді, мәдениетіңізді де ары қарай жалғастыратын көмейдегі сөз бенен таңдайдағы тіл ғана. Бірақ, сонда да шүкіршілік етемін. Қазақ тілінің аясы кеңейіп, дамып келеді»,- деді ол.
Сондай-ақ, Асылы Осман Қазақстан халқы Ассамблеясы жайындағы өз ойын жеткізді.
«Меніңше, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанда кемшін тартып жатқан дүниелерді Президент пен халық алдына шығаруы керек. Себебі, ол Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің басын қосқан ұйым. Бұдан бөлек, Ассамблея мүшелері қазақтың, қазақ ұлтының төңірегіне топтасуы керек», - деді ғалым.
Ол сондай-ақ, Қазақстанда ары қарай да ұлтаралық достық болуы үшін қазақ халқын қадірлеп, сыйлай білу керек екенін алға тартты.
«Біз бәріміз қазақ халқының төңірегіне топтасуымыз керек, оның бойындағы адами асыл қасиеттерін ұғып, түсінуіміз керек, ол үшін қазақ тілін білуіміз керек. Мен қазақ халқының тазалығына, адалдығына ештеңені теңей алмаймын. Мына елдің иесі де, киесі де қазақ. Төле би бабамыз: «Ыдырау заман қасиеті, бірігу ата-баба өсиеті», - деген екен. Бәріміз осы өсиетті орындауымыз керек. Сондай-ақ, Төле би: «Халқыңа әділ бол, дұшпаныңа қатал бол, досыңа адал бол»,- деп айтқан. Қазіргі уақытта халық пен билік бір-бірін түсінуі керек. Сонда еліміз ары қарай да дами береді. Қазақ тілін бәріне ортақ тіл етуге атсалысу керек», - деген ойын жеткізді Асылы Осман.
Қоғам қайраткері қаңтар оқиғасы кезінде Президенттің батыл шешімдері ел тыныштығын сақтауда үлкен рөл ойнағанын да атап өтті.
«Тәуелсіздікке 30 толғанда, мұндай қасіретті көру үлкенге де, кішіге де өте ауыр болды. Мемлекет басшысы сол бір қиын-қыстау тұста өте дұрыс шешім қабылдады. Әйтпесе, біз қазір осылай отырар ма едік, мемлекетімізден ажырап қалар ма едік? Сондықтан мен Президенттің сол кездегі шешімін қолдадым әрі жөн санадым. Мысалы, елімізге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) әскері келіп, біздің маңызды нысандарымызды қорғады. Жалпы, Тоқаев қиын сәтте халқымен бірге болатынын көрсетті. Сол кезде: «Мен елордадан ешқайда кетпеймін»,- деді. Ал ол кезде шынымен де қорқынышты болды ғой. Сондай-ақ ол Президент болған күннен бастап, қоғамда әділдіктің орнауына көңіл бөліп келеді. Ал әділдік пен шындыққа еш нәрсе жетпейді. Сондықтан мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдаймын», - деп өз ойын білдірді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман.
01 мамыр 2022 ж. 477 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031