Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуды ұсынады.
Бүгінге, 26 қарашаға арналған болжамға сәйкес, Алматыда түнгі уақытта қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуды ұсынады.










