Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елордада қар мен көктайғақ күтілсе, Алматыда ауа температурасы төмендейді. Ал Шымкентте күндіз +24 градусқа дейін жылы болады
Тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылады. Елордада қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Алматыда жаңбыр аралас қар жауса, Шымкентте күндіз ауа температурасы +24 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 
Астана
26 қарашада елордада күн құбылмалы болады. Күндіз жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метр болады. Күндіз жел 15–20 метрге дейін жетіп, екпіні секундына 23–28 метрге күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде -1...+1, күндіз +6...+8 градус болады.
27 қарашада күн бұлтты болады. Кей уақытта, негізінен, қар жауып, жер бетінен бұрқасын соғады. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метр, кей уақытта 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -2...0 градус болады.
28 қарашада да күн бұлтты болып, кей уақытта қар жауады. Жер бетінен бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -3...-5 градус болады.
Алматы
26 қарашада Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7, күндіз +15...+17 градус болады.
27 қарашада күн құбылмалы болып, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +5...+7 градус шамасында болады.
28 қарашада күн құбылмалы болады. Түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +6...+8 градусқа дейін төмендейді.
Шымкент
26 қарашада Шымкентте күн құбылмалы болады. Күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Екпіні 15–20 метрге, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +22...+24 градус болады.
27 қарашада күн құбылмалы болып, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, түнде екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +8...+10 градус болады.
28 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +8...+10 градус болады.



26 қараша 2026 ж. 22 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30