Қытайда грантпен оқығысы келетін қазақстандықтарға жаңа талап енгізілді
IstockphotoҚытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарына үкіметаралық гранттар аясында оқуға түсуді жоспарлап жүрген талапкерлер CSCA академиялық дайындық емтиханын тапсыруы тиіс, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қытай университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына түсуге ниетті барлық шетелдік үміткерлер үшін CSCA емтиханын тапсыру міндетті.
Оқуға өтінім беру кезінде талапкерлер 2026 жылғы қараша немесе желтоқсан айында тапсырған емтихан нәтижесін растайтын жарамды сертификатты ұсынуы қажет.
Кезекті емтихан сессиясы 2026 жылғы 19-20 желтоқсанда өтеді. Оған тіркелу 25 қарашадан 2 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Емтихан тапсыратын пәндердің тізімін үміткерлер өздері таңдаған университеттен нақтылауы тиіс.
Талапкерлерге емтихан күнін алдын ала таңдап, тіркелу мерзімдерін қадағалау ұсынылады.













