Қазақстанда шаңды дауыл мен қар көшкіні болуы мүмкін
5 сәуірде Алматыда және еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің тау беткейіндегі қар еруіне, биік болуы мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 5-8 сәуірде қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан тік қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда сақ болыңыз.
2022 жылғы 4-6 сәуірде Ақмола және Павлодар облыстарының өзен бассейндерінде оң ауа температурасының сақталуына және одан әрі жоғарылауына, қардың қарқынды еруіне, еріген ағынды сулардың қалыптасуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне және көтерілуіне байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады. Батыстан, түнде оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады. Күндіз батыста, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 метр күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз басым бөлігінде жел күші секундына 15-20метр болады.
Петропавлда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, облыс орталығында жел күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады. Батыстан екпіні 15-20 метрге жететін жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде жел күші 15-20 метр болады.
Нұр-Сұлтанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метр болады.