Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздегі 8 облыстың аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
22 желтоқсанда күндіз, 23 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 22 желтоқсанда түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді. 23 желтоқсанда түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.
Петропавлда ертең күндіз, 23 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Ертең күні бойы оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 23 желтоқсанда түнде күші 15-20 м/с жетеді.
22 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соңуы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, асуларда 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.
Шымкентте ертең таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Түркістан қласында ертең оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
22 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды қаласында ертең түнде және таңертен тұман түседі, күндіз көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жезқазғанда ертең тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
22 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда қаласында ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
22 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с жетеді.
Көкшетауда ертең көктайғақ болады.
22 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда ертең түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түстен кейін желдің екпіні 18 м/с жетеді.
22 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе қаласында ертең түнде тұман түседі.
22 желтоқсанда Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын түседі, орталықта және облыстың солтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Орталық және облыстың оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.
21 желтоқсан 2021 ж. 397 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031