Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талаптылар тауы шағылмасын

Талаптылар тауы шағылмасын

Қазалы қаласында орналасқан №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың тоғыз түрінен тренерлер оқушыларды жаттықтырады. Қазір 58 топта 758 шәкірт ­даярлануда.
Спорт мектебінен бала үзілмейді. Әсіресе ауласындағы жасанды кіші және үлкен футбол алаңында доп қуалаған жеткіншектердің қарасы қалың. 400 метрлік жүгіру жолы мен трибуналы стадион бар. Сырттағы жағдай ойдағыдай болғанымен ғимараттың іші көңіл қуанта қоймады. Бұнда екі зал бар екен. Бірі – бокс, ауыр атлетика, екіншісі – қазақ күресінен жаттығуға арналған. Екінші залда қазақ күресінен бөлек, грек-рим, дзюдо, грэпплингтің дайындығы жүреді. Залдың тарлығы өз алдына, суықтығы бірден байқалады. Ескі ғимараттың жағдайы сын көтермейтін секілді. Бұны мектеп ұжымы жасырмайды. Десе де жоқтан бар құрап, алға ұмтылған жандардың мерейін балалардың таудай талабы мен тренерлердің еселі еңбегінің нәтижесі арттырып тұрғандай.
Ғимаратымыз ескі деп еңсесі түспейді. Бұнда тәлім алған талай түлек ауданның абыройын асқақтатты. Елдің мерейін үстем етіп, көк тудың көкке көтерілуіне себепші болды. Өткен жылы Венера Толыбай бокстан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатында үшінші орын иеленді, Жетекшісі Руслан Жолбарысов. Қанат Үсенов жаттықтырған Мақсат Ақбай волейболдан жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында бірінші орын алды. Ғалымбек Бекболаттың шәкірті Шыңғыс Қайрат грек-рим күресінен ҚР чемпионатында, Жәнібек Аралбаев даярлаған Еркебұлан Адайбек бокстан ҚР батыс аймақтық чемпионатында екінші орынмен оралды. Бұдан бөлек, Әлішер Қайнарбек, Асылан Жәнібек, Нұрперзент Әбдіқадыр, Сағи Еркінұлы, Мейрамбек Жақсылық, Сұлтан Сәтбай, Көбейсін Алпамыс, Дінислам Көптілеу облыс біріншілігімен турнилерде топ жарды.
Әлі де қоржынымызды медалға толтырамыз деген мектеп директоры Нұрболат Әбиев: «Спортқа қызықпайтын бала болмайды. Оны тек тәрбилеп, дер кезінде дұрыс бағыт-бағдар беру керек»,– дейді.
– Спорт – денсаулық кепілі. Бізде грек-рим, дзюдо, футбол, бокс, волейбол, ауыр атлетика, грэпплинг, тоғызқұмалақ, қазақ күресі бөлімшелері бар. Қазір жаңа технология қарқынды дамып, балалардың басым көпшілігі гаджеттер мен смартфондарға тәуелді болып барады. Осы орайда ата-аналарға балаңыз дені сау әрі жігерлі болып өссін десеңіз, спорт үйірмелеріне қатыстырыңыз. Шымырлыққа, төзімділікке үйретіп ғана қоймай, бәсекелерде бақ сынап, елінің мақтанышына айналады. Әр баланың бойында бұғып жатқан талант бар. Соны жарыққа шығару біздің міндетіміз, – деген ұстанымда ол.
Сондай-ақ Қ.Пірімов ауылындағы №103 мектеп жанында бокс, Жалаңтөс ауылында волейбол, Ғ.Мұратбаевта грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, Ақтан батырда грек-рим, Бозкөлде волейбол, қазақ күресі, Ақсуатта қазақ күресі, Абай ауылында дзюдо, ауыр атлетика бөлімшелері жұмыс жасайды. Аталған спорт мектебінде тәрбиеленген шәкірттердің бірқатары Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алуда.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 наурыз 2022 ж. 375 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930