Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі аң аулау маусымы ашылады

Көктемгі аң аулау маусымы ашылады

Қызылорда облысындағы жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген аңшылық алқаптарда биылғы жылдың 6 наурызынан 20 наурызды қоса есептегенде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге аталық үйректерді аулауға көктемгі маусым ашылады.
Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидаларының» (бұдан әрі Қағида) 11-қосымшасына және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №104 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Сонымен қатар, аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.
Қағиданың 18-бабының талабына сәйкес, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз аң аулауға тыйым салынады.Аңшылық маусымында аң аулау қағидаларын және өзге де қауіпсіздік шараларын толық сақтау сұралады.
Р.БУРАБАЕВ,
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы
05 наурыз 2022 ж. 975 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 134

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 148

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 147

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031