Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде кәсіптік біліктілікті тану жүйесі енгізіледі

Елімізде кәсіптік біліктілікті тану жүйесі енгізіледі

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.
Халықтың табысын арттыру жөніндегі шаралар кешені барлық санатты қамтиды.
Азаматтық қызметшілердің (педагогтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық персонал) жалақысын өсіру және жәрдемақылар мөлшерін инфляция деңгейіне арттырудан басқа бірқатар заңнамалық бастамалар қабылданады, - дейді вице-министр.
Айтуынша, еңбек ресурстарының дағдыларын дамыту үшін экономиканың қажеттіліктеріне орай, кәсіптік біліктілікті тану жүйесі және қызметкерлердің дағдыларын сертификаттау енгізіледі.
Әлеуметтік кодексті қабылдау азаматтардың мұқтаждылығына қарай проактивті және қолжетімді түрде әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер үшін еңбек қатынастарын рәсімдеудің жаңа формалары мен арнайы салық режимдерін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, - деп толықтырды Еңбекмині өкілі.
Сонымен қатар кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жұмыспен қамту инфрақұрылымын цифрландыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бойынша шаралар қабылданады.

#біліктілік #жүйе #кәсіп #тану
15 ақпан 2022 ж. 708 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031