Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар омикронның алдамшы симптомын атады

Ғалымдар омикронның алдамшы симптомын атады

Адамдар іш өту, іш ауруы, тәбеттің жоғалуы секілді асқазан-ішек проблемаларына шағымданған. Коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырған пациенттер асқазан ауруына жиі шағымданады. Алайда Zoe COVID Symptom Study ұйымының британдық ғалымдары зерттеу жүргізіп, мұның алдамшы симптом екенін анықтады.
Адамдар іш өту, іш ауруы, өзін жайсыз сезіну, тәбеттің жоғалуы секілді асқазан-ішек проблемаларына шағымданған. Мұндай белгілер желтоқсанның ортасы мен қаңтардың аяғы аралығында байқалды.
Мамандар асқазан-ішек жолдары ауруларының жиілеуі коронавирустың жаңа штамымен байланысты емес екенін атап өтті. Қыста асқазан проблемасына шалдыққан пациенттер көбейеді. Оған әдетте жылдың осы мезгілінде байқалатын норовирустық инфекция себеп болуы мүмкін.
Ғалымдар тамақ пісірер алдында қол жууға, қоғамдық орындарда гигиена сақтауға, сондай-ақ шикі тамақ жемеуге кеңес берді.
"Омикрон" жайлы не білеміз
Былтыр қарашаның соңында Ботсвана мен Оңтүстік Африка республикасында коронавирустың B.1.1.529 жаңа штамы анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызында ондаған мутация бар. B.1.1.529 штамы бастапқыда иммунитеті қатты әлсіреген адамның ағзасында пайда болды деген болжам бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамға грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, оны "омикрон" деп атады.
Сарапшылар вакцина салғызған және ауырып қайта жазылғандар да жаңа штамды жұқтыруы ықтимал екенін айтты. Шаршаңқылық, бас ауруы, дененің құрысуы "омикронға" тән симптом.
Бұл штамм бұған дейінгі мутацияларға қарағанда үш-жеті есе жылдам таралады. Ал инкубациялық кезеңі үш-бес күн.
Омикрон штамы 2021 жылдың аяғында Африканың оңтүстігінде табылды.
07 ақпан 2022 ж. 696 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 241

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 132

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031