Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Омикрон" штамын үйде емдеген дұрыс – дәрігер

"Омикрон" штамын үйде емдеген дұрыс – дәрігер

Ресейлік дәрігер Александр Мясников коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырған адамдарға үйде емделуге кеңес берді. Оның ойынша, әлем бойынша адамзаттың 60-79 проценті коронавирустың "омикрон" штамымен ауырып шығады.
"Омикрон" штамы – бұл кәдімгі жедел респираторлық ауру. Оны жұқтырған адамдар үйде емделеуі керек. Себебі ауруханада "дельта" штамы жұғуы мүмкін. "Омикрон" штамына шалдыққандарды үйде жай оқшаулау қажет. Мен "емдеу керек" деп отырған жоқпын. Жедел респираторлық аурулар емделмейді. Тек оқшаулану керек", - деді Мясников "Вечерняя Москва" газетіне берген сұхбатында.

Оның ойынша, әлем бойынша адамзаттың 60-79 проценті коронавирустың "омикрон" штамымен ауырып шығады. Ал генетикалық тұрғыда инфекцияларға қарсы тұра алатын және иммунитеті мықты адамдар ауырмай жүре береді.

Айта кетері, өткен жылы қарашаның соңында Ботсвана мен Оңтүстік Африка республикасында коронавирустың B.1.1.529 жаңа штамы анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызында ондаған мутация бар. B.1.1.529 штамы бастапқыда иммунитеті қатты әлсіреген адамның ағзасында пайда болды деген болжам бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамға грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, оны "омикрон" деп атады.

Сарапшылар вакцина салғызған және ауырып қайта жазылғандар да жаңа штамды жұқтыруы ықтимал екенін айтты. Шаршаңқылық, бас ауруы, дененің құрысуы "омикронға" тән симптом.
17 қаңтар 2022 ж. 659 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 101

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 105

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 77

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031