Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Жарлық – жаңа тәртіп

Жаңа Жарлық – жаңа тәртіп

Жаңа жылдың бастапқы бес күнінде ел ішінде үлкен дүрбелең орын алды. Батыстан бастау алған бейбіт шерудің соңы күрделеніп кетті. Соған сәйкес жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына да төтенше жағдай енгізді. Ал бұл 5 қаңтар мен 19 қаңтар аралығын қамтиды. Онда Қызылорда облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16 тармақшасына, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес Жарлық жарияланды.
Осыған байланысты Қызылорда облысының полиция департаментінің бастығы, аумақтық комендант Б.Сұлтанның 06.01.2022 жыл №3 бұйрығы қабылданды.
Ең әуелі аудан жұртшылығы елдегі ахуалға байланысты сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат бекітілгенін білуі қажет. Сондай-ақ төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілді.
Онда қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныстіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілген. Сонымен қатар Қызылорда облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленген. Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілген және Қызылорда облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелген. Бейбіт жиналыстарды, ойынсауық, спорттық және басқа да бұқаралық ісшараларды ұйымдастыруға және өткізуге және ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынды.
Оған қоса қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленді. Жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілді.
Тағы бір айта кетерлігі, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, төмендегідей шектеулер мен өзгерістер енгізді.
 Демек аймақ көлемінде азық-түлік дүкендері, дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00 дейін шектелсе, алкогольдік өнімдердің сатылуына тыйым салынады. Кафе-барлар, мейрамханалар, гипер, опто, супермаркеттердің, қоғамдық моншалар, сауналар, спорттық ұйымдар, ойын-сауық орталықтарының қызмет уақыты тоқтатылды. Сол секілді облыс көлемінде орналасқан барлық қару-жарақ және арнайы құралдарды сататын дүкендер жабылады.
Ал бұған Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов та үндеу қосып, Жарлық талаптарын бұзғаны үшін көзделетін жауапкершілік жөнінде түсіндірген.
Төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын атап өтеміз. Осылайша, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде тыйым салынған ереуілге басшылық ету және ұйымдардың жұмысына кедергі келтіру Қылмыстық кодекстің 379 және 401-баптары бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату ҚК-нің 274-бабына сай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Оған қоса қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру 10 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұл туралы Қылмыстық кодекстің 459-шы бабында көрсетілген.
Сондай-ақ белгіленген режимді бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы, және осы уақытта құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттері үшін тиісінше 15 және 30 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген. Бұл ретте төтенше жағдай кезінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау ауырлататын мәнжай болып табылады.
Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабын басшылыққа ала отырып, азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, ішкі істер органдары мен уәкілетті органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға, оларға қажетті жәрдем көрсетуде бір болайық. Мұнымен қоса шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, арандатушылыққа берілмеуге және төтенше жағдай режимін бұзбауға, ресми дереккөздерде орналастырылған елдегі ағымдағы жағдай туралы сенімді ақпаратты басшылыққа алуға шақырамын.


Бақытжан МЫРЗАБАЕВ,
Қазалы ауданының прокуроры
12 қаңтар 2022 ж. 634 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930