Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 желтоқсанға ауа-райы болжамы: 7 облыс аумағында ескерту жарияланды

3 желтоқсанға ауа-райы болжамы: 7 облыс аумағында ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздегі 7 облыс аумағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет
3 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 
Петропавлда ертең түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 
3 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.
3 желтоқсанда Ақмола облысының шығыс жартысында жаяу боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 
Көкшетау ертең батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 
3 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, таулы аудандарда екпіні 23 м/с болады. Шымкентте ертең оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан қаласында ертең түнде және таңертең шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. 
3 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі мүмкін. 
Ақтау қаласында ертең түнде және таңертең тұман түседі. 
3-5 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. 
3 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. 
Оралда ертең көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
                    sn.kz
03 желтоқсан 2021 ж. 318 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930