Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айжан алған асу

Айжан алған асу

Бүгінде Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында грэпплингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан дүбірлі додаға әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар бақ сынауда. Олардың арасында Қазақстанның намысын қорғауда қасиетті Қазалы ауданының спортшылары да бар.
Байрақты бәсекеге қатысып жатқан жерлестеріміздің жетістіктері де жаман емес. Жарыстың алғашқы күні Қазалы ауданындағы №17 олимпиадалық резервтың мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің спортшысы Айжан Ерқосай 38 келі салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болды.
– Осынау ерекше қуанышқа жерлестерінің, біздің дарынды түлектерді қанаттандырып жүрген спорт мектебінің риза екеніне бек сенімдімін. Бұл болашағынан зор үміт күттіретін спортшының ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына тартуы деуге толық негіз бар. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, байрақты бәсекеге Айжанды дайындаған бапкері Жансая Мұраттың еңбегі ерекше. Бұрын өзі де талай облыстық, республикалық, халықаралық додаларда топ жарған Жансая аудан спортының өкілі. Бүгінгі таңда жас таланаттарды шыңдауда, олардың спортта табысқа жетуіне зор септігін тигізіп келеді. Дарынды спортшы мен білікті бапкердің алдағы уақытта да биік белестерді бағындырарына сенім зор, – дейді №17 олимпиадалық резервтың мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің басшы Бақытбек Мамбетжанов.
Бізде Сыр елінің абыройын асқақтатып жүрген шәкірт пен ұстаз жетістігінің бұл бастамасы деген сенімдеміз.

С.АҚМЫРЗА
14 желтоқсан 2021 ж. 852 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930