Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Байрақты бәсеке басталды

Байрақты бәсеке басталды

Жұма күні Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы ХV дәстүрлі халықаралық турнир ­басталды.
Байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы және Қазақстанның өзге де облыстарынан келген 200-ге тарта балуан бозкілемде бақтарын сынауда.
Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақ үшін дүбірлі доданың маңызы жоғары екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың жеделхаты мен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың «Құттықтауын» жеткізді.
Мұнан соң Қазалы және Арал аудандарының құрметті азаматы Айтбай Көшербаев, жастар арасындағы грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Нұрым Дүйсенов те құттықтау сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, байрақты бәсеке Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатыр. Халықаралық турнир 24 қазанға дейін жалғасады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
23 қазан 2021 ж. 682 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031