Жұма күнге арналған ауа райы болжамы
Жұма күні әлі де ауқымды антициклонның ықпалымен республикамыздың басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, ҚР батысында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз Алакөл көлдерінің ауданында желдің 18-23 м/с күшеюі ықтимал.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығыс және орталығында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жел тұрады, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.