Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек адамдары марапатталды

Еңбек адамдары марапатталды

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ғани Мұратбаев ауылына арнайы барып, елді мекеннің еңбеккерлері мен еңбек ардагерлерін ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері күні мерекесімен құттықтады.
Басқосуда аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен бірқатар азаматтарды ҚР Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен және ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Сондай-ақ, Ғани Мұратбаев ауылының тумасы, республикалық деңгейде түрлі жауапты қызмет атқарған Асанхан Жұмашты зейнет демалысына шығуымен құттықтады. Мұхтар Әуесұлы жерлесіміздің иығына қазақы дәстүрге сай шапан жауып, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Асанхан Жұмашұлы 1958 жылы Ғ.Мұратбаев ауылына қарасты Дихан ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Ғ.Мұратбаев атындағы ұжымшарда шопан болудан бастаған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ойдағыдай аяқтағаннан кейін, 2014 жылға дейін Ақтөбе облысында еңбек етті. Одан кейін ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде жауапты қызметтер атқарды. Ағамыздың ұзақ жылғы еңбегі лайықты бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

24 қараша 2021 ж. 351 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930