ҚАЗАҚ ӘН ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ РОЗА БАҒЛАНОВА
Қазақтың ән әлемінде атақ-даңқы әлемге жайылып, есімі белгілі болған тұлғалар баршылық. Солардың бірегейі, келер жылы «Қазақ деген халықтың еркесімін» [С. Меңдібай. Қазақ деген халықтың еркесімін,- деп, өзі айтқандай, Қазақстанның, Кеңес Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлы әнші Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толу мерекесі кеңінен аталып өтпек.
Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter желісінде: «2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р. Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым» [Ұлттың үні Әнші Бағланованың батырлығы туралы,- деп жазғандай, бір жағынан, ұлы әншіге құрмет, тағзым ету болса, екіншіден, кейінгі ұрпаққа ой салу міндеті тұр.
Осы орайда, сыңғырлаған әсем әуенімен Роза Тәжібайқызы салған әндері халықтың құрметіне бөленуі, олардың рухын жігерлендіруі, оның «әнімен өрілген» репертуарларымен сабақтасып жатыр.
Біз, оқырман назарына Роза апамыздың ән әлемі жолындағы қысқа да, нұсқа төмендегі деректерімен шектеуді жөн көрдік.
Бағланова Роза Тәжібайқызы 1922 жылдың бірінші қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Әнші (сопрано), ҚазКСР – інің (1955) және КСРО (1967) халық әртісі, Халық Қаһарманы (1996), Тарлан сыйлығының иегері атақтарымен марапатталған. Қазақ әншілік мектебінің белгілі өкілдерінің бірі. Қызылорда педагогикалық институтында оқығаннан кейін, 1941 жылы Ташкент филармониясының ән – би ансамблінің әншісі болды.
1947 – 1949 жылдары ол Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының әншісі, қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында (Алматы), 1949 – 1960 жылдары Жамбыл атындағы республикалық филармониясының солисі болды. 1960 жылдан бастап «Қазақ концерттің» әнші – солисі, жетекші сахна шебері болып қызмет етті.
2011 жылы 8 – ақпанда 89 жасында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы, қазақ өнерінің майталман күміс көмей әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланова 90 жасқа қараған шағында дүние салды. [Қазақша реферат: Роза Бағланова Тәжібайқызы .
Қазақтың қайталанбас жезтаңдай әншісі Роза Тәжібайқызының 100-жылдық мерейтойы қарсаңында Р.Т. Бағланованың «Айналайын, халқымнан еркелеткен» [Бағланова Р. Айналайын, халқымнан еркелеткен. Қазақ сахнасының сәні, күміс көмей әншінің өмірі мен шығармашылығы хақында). (Әдеби өңдеп, оқырманға жеткізуші Ұ.Қ.Иманбай). – А.: «Ата мұра», 2007. – 112 б., 80-бет жапсырма., одан әрі-Бағланова Р.]атты ғұмырнамалық кітабынан және Ғаламтор беттерінде жарық көрген Роза апамыз туралы жазылған материалдар негізінде оның қазақтың ән әлемі тарихында қалдырған өшпес жолдарын әр қырынан қарастыруға болады. Соның бірі – айтылып та, жазылып та жүрген оның репертуарындағы әндерді қайта бір ой елегінен өткізе отырып, азаматтық қасиетіне де тоқталуды жөн көрдік.
Кешегі ел басына күн туған кезде, әрбір азамат ел қорғауға аттанып жатқанда, ал қыз-келіншектер, яғни өнер адамдары да қарап қалған жоқ. Соның бірі - 1941 жылдың қыркүйек айында Ташкент филармониясының қыз-келіншектерінен құрылған ансамбльдің майдан шептерінде әскерлерге өнер көрсету үшін аттанғаны және оның құрамында бас солист Роза Бағланова болғаны, тарихтан белгілі.
Сонау Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес жауынгерлеріне елдік пен ерліктің туын көтеріп, оқ пен оттың ортасында шырқаған Роза апамыздың патриоттық әндері бүгінгі Тәуелсіз Қазақ Армиясының сарбаздарының рухын жігерлендіретін патриоттық әндерімен жалғасып жатты...
Иә, қазақтың күміс көмей әншісі Роза Тәжібайқызының репертуарындағы әндерінің бір тобы - Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан жауынгерлерінің алдында шырқаған қазақ, өзбек, татар, орыс, тәжік, қырғыз, т.б. әндері.
Майдан шебіндегі әрбір жауынгерлерге рух беріп шырқаған әндерінің бірі - «Кестелі орамал» (Сөзі Асқар Лекеров, әні Мұқан Төлебаев). Майдангер әнші ән арқылы жауынгерлердің көз алдына ел басына күн туғанға дейінгі бір-біріне деген ынтыққан, сүйген қос жүректің лүпілін, туған еліне, ата-анасына сағынышын еске түсіріп, одан әрі:
«Кестелі ақ жібек орамал,
Алыстан жолдаған сүйген жар.
«Жауынгер жарым сен, есіңе ал»,-
Деп жазған оюлап хаты бар» [Ауыл кеші көңілді. Құраст. Х. Тілемісов. – А.: «Қайнар», 1986.],- деп, майдандағы жауынгер-жігітіне жолдаған кестелі орамалы арқылы, сүйген жарына деген сағынышын білдіре отырып, бар күш-қуатын аямай жаудан кек алу керектігін алға тартып, жауынгерлік рухын жігерлендіреді.
Ән сол кезеңде шығып, алдына қойған мақсатты толық орындаса да, бұл күнде әлі де өз мәнін жоймаған патриоттық рухта жазылған әндер тобының көшбасшысы десек артық айтқандық емес.
Майдан даласын аралап, өнер көрсеткен жауынгер-әнші Роза апамыз өмір мен өлім үшін арпалысып жүрген әрбір кеңес жауынгерлеріне қазақ, орыс және өзге ұлт композиторлары шығармаларымен бірге, асқан талғампаздықпен қазақтың халық әндері «Жайдарман», «Қараторғай», «Айнамкөз», «Екі жирен», т.б. орындауы арқылы оларға туған ауылдың келбетін, ғашық жүректің лүпілін, ата-анаға деген сағынышын көз алдына елестете отырып, әрбір жауынгердің туған еліне «батыр» болып оралуына, қазақтың халық әні арқылы да рух-жігер бергені, тек ұлы әнші Розаның қолынан ғана келген еді.
Қазақ ән әлемінің падишасы Роза апамыз жоғарыда аталған «Жайдарман», «Қараторғай», «Айнамкөз», «Екі жирен», т.б. халық әндерін әжесінен үйренгенін алға тартып, бұл әндер менің әжемнің көзіндей, әлі репертуарымнан шыққан емес [Бағланова Р...],- деп еске алады. Бұл - Роза апамыздың майдан шебіндегі сан ұлтты жауынгерлердің алдында шырқаған қазақ әндерінің бір-парағы еді...
Кез келген ән өнерінде жүрген әншілердің бәрінің маңдайына бұйыра бермейтін мына бір бақыт: арнап жазылған өлеңнің әрі алғаш орындаушысы. Ән әлеміндегі Роза Бағланованың маңдайына бұйырған осы бақыт – сонау Ұлы Отан соғысы жылдарында басталып, кейін бейбіт кезеңде де жалғасын тапқанын көреміз. Сонымен:
«Майданда жүргенде композитор Соловьев-Седой маған әдейі арнап «На солнечной поляночка» әнін жазған еді. ...Ал сен ол әнді майдандағы әскерлерге арнайсың» деген еді.
Расында да Василий Павловичтің осы әнін окоптарда, майдан шептерінде орындағанымда әскерлерге қанат бітетін, болашағына деген қуанышында шек болмайтын» [Бағланова Р...],- дегендей, өзіне арнап жазылған әннің құдыретін осылайша ішкі толғаныспен білдірсе, Варшаваны азат ету жолындағы болған соғыста ауыр және көп жараланған әскерлердің бұрын-соңды болып көрмегенін алға тартып, осы жерде алғашқы ән айту өзіне келгенін айтады. «Темная ночь» өлеңін айта бастағаным сол еді, фашистердің бірнеше ұшағы бомба тастағанда, сол біз орналасқан ескі үй солқ етті де, төбесі ортасына түсті. Бірақ жаралылар орналасқан бұрыш жақ аман қалыпты. Жарылыс тоқтағанда көзімді ашсам, әлі де сол әнді бар дауысыммен шыңғырып айтып тұр екенмін... «Темная ночь» өлеңінің сөзін жазған ақын Сергей Агатов бізбен бірге майданда болған еді. Ал «Темная ночь» өлеңін ең тұңғыш орындаған менмін, менен кейін орындаған әртіс – Борис Бэрнес еді [Бағланова Р...],- деп, алғаш әннің тұсаукесері сәтінде болған оқиға Роза апамыздың мәңгі есінде қалды. Соғыс жылдарында майдангер-әнші Роза апамыздың басынан өткен оқиғаларды ондап айта беруге болады...
Ұлы әнші Ғұмырнамасында өзіне арнап жазылған әндер туралы: «...Елу жылдан аса уақыт бойы сахна төрінде талай әндердің тұсауын кестім: «Ақкөгершін», «Менің Қазақстаным», «Бейбітшілік туы берік қолда», «Жасасын, совет халқы!», «Ақмаңдайлым», «Жан құштарым», «Туған айдай», «Қайықта», «Маржан қыз», «Жайлау әні», «Махаббат вальсі», «Айналайын», «Асыл арман», «Аяулым, арманымдай асылым ең», т.б. әндерді тыңдаушы халық алғаш рет менің орындауымда тыңдады» [Бағланова Р...],- дейді.
Жоғарыда аталған ғұмырнама кітабында айтылғандай, Роза апамыздың «соқтықпалы, соқпақсыз» әншілік жолындағы бағын ашқан Өзбекстан филармониясының директоры Кари Якупов әка болса, ал туған елге оралуына алғаш себепші болған адамдардың бірі – көркем сөз шебері, ақын-жауынгер Жұбан Молдағалиев екені баршаға белгілі. Қазақтың «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген аталы сөзін бойына жинап өскен қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиев Роза Бағланованың Будапеште өтетін дүние жүзі жастарының ән додасына қатысуына да ықпал етеді. Иә, сол ән додасында, нақтырақ айтқанда, 1949 жылы Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің ІІ-Бүкілдүниежүзілік фестивалінде қазақ қызы, күміс көмей әнші Роза апамыз «Ах, Самара-городок» әнін шырқап, КСРО елінің даңқын асырып, лауреат атанып, бас бәйгені қанжығасына байлайды. Міне, содан бері бұл ән апамыздың репертуарындағы шоқтығы биік, төлқұжаты болса, бұл әнді дәл Роза апамыздай әлі ешкім шырқаған жоқ шығар...
Кезінде әншінің төлқұжатына айналған «Ах, Самара, городок» әні туралы «... шетелде шығатын «За честь Родина» газеті «Ах, Самара, городок» әнін орындаушы әншілер көп. Бірақ солардың бір де біреуі дәл Бағлановадай әсерлі шығара алмап еді,- десе, ал ҚР Халық әртісі, профессор Ғафиз Есімов: «...Бір орыс айта алмаған «Ах, Самара, городокты» Роза Бағланова жалғыз өзі өмір бойы айтып шықты...»,-деген жолдар дәлел. Сондай-ақ, «Ах, Самара-городок» әніне қатысты Роза Бағланова: «Америка сахнасында 1957 жылы ән айттым. Кеңестер елінен келген әншiлердiң құрметiне дастархан жайылды. Мен қонақасы кешіне қазақтың ұлттық киімін киіп кіріп барғанымда мені көре салып, 100 шақты музыкант «Ах, Самара-городокты» құйқылжыта тарта жөнелді. Оркестрге қосылып, әндi орысша, ағылшынша, французша орындап шықтым. Американың зиялы қауымы таң қалып, айрықша ілтипат көрсетті», - дей келе, одан әрі, сол кездесуде Елизавета патшайым Р.Бағланованың қасына келіп: «....Қазақ әйелдерінің киген киіміне қарап-ақ олардың қандай халық болғанын тануға болады. Бұл киім байлық пен талғамды аңғартады",- деп еске алады [ Маханбетиярова Н. "Сталин қос бұрымыма мақтау айтты": Роза Бағланова жайлы не білеміз. Осы асты сызылған жолдардан Роза Бағланова қай елде гастрольдік сапарда болмасын, сахна арқылы өзге елге қазақтың ұлттық киімін насихаттаудың үлгісін көрсеткен қазақ ән әлеміндегі бірінші адам деп ой түюге болады.
Сонау 1941 жылдың қыркүйек айында «Бәрі де майдан үшін!» ұранымен Роза апамызда, Ташкенттен басталған «ұлы жорық – ән көшімен бірге» Мәскеуге келіп, Орта Азия әскери округінің майдан шебіндегі әскерлеріне, Панфилов дивизиясының әскерлеріне және әскери тапсырмалармен түрлі майдан шептерінде концерт бергенін, 1945 жылы Жеңіс күнін Мәскеудің «Офицерлер үйі» қонақүйінде қарсы алғанын еске алып, былай дейді: «...Бес жыл бойы оқ пен оттың арасында, қиын-қыстау күндер мен түндерді бастан кешірсек те, қыршынынан қиылған талай боздақтардан айырылсақ та, талай ер-азаматтарымыз жарымжан-ғаріп болса да, Жеңістің келуі, әрине шексіз қуаныш еді..» [Бағланова Р...].
Иә, Жеңістің аты – Жеңіс. Сол Жеңістің арқасында «бозторғай жұмыртқалаған» заманға жетіп, бүгінгі Тәуелсіз Қазақ Елі, соның айқын дәлелі...
Роза Тәжібайқызы елу жылдан астам уақыт ән әлемінде жүрсе де, елім деп соққан жүрегінен азаматтық болмысын көреміз. Оған мына 1-2 оқиғаны айтсақ та жеткілікті.
Арал тағдыры туралы «Егемен Қазақстан» газетінде: «Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған әйгілі әнші, КСРО халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Бағланованың әлдебір жиынның биік мінбесінде тұрып Арал теңізінің қасіреті туралы өр рухпен айтқан өткір сөзі жазылған бейнетаспа соңғы бір жыл бойы әлеуметтік желінің бетінде кеңінен тарады»,- дей келе, одан әрі: «Әншінің орыс тілінде сөйлеген сөзін дәлме-дәл келтірсек, мәтіні былайша өріледі: «Мен соғысты көрдім. Алайда Аралда болып жатқан жағдайды бір ауыз сөзбен тоқтату мүмкін емес. Соғысты тоқтатуға болады, атом бомбасын тоқтатуға болады, аспандағы ұшақты тоқтатуға болады, бірақ мұны тоқтату мүмкін емес. Біз мұнда айтып жатырмыз, ал анда табиғат өз дегенін жасап жатыр. Біздің «ұлы ғалымдарымыз» тұтас ұлтты жатырында өлтіріп жатыр. Ұлтты өлтіріп жатқан ғалымдар туралы не айтуға болады? (Қол шапалақтау). Басқа уақыт болса, біз мұны зиянкестік дейтін едік, ал егер ол зиянкестер КСРО академиктері, Социалистік Еңбек Ерлері, екі, үш мәрте лауреаттары болса, не дейміз? Қараңызшы, қазақ елінің жерінде не бар: Семейде – полигон, Байқоңырда – космодром, Аралда – у. Сонда қазақтар қайда барып өмір сүруі керек? Егер бұл жағдай шетелде, Америкада болса, олар тұтас ұлтты өлтіріп жатыр деп айғайлайтын еді» деген тұсына келгенде Роза Бағланованың сөзі мінбеде емес, Арал жерінен түсірілген бейнекөріністермен сүйемелденеді. Оның сөзі кадр сыртында қалып, кадрда жал-жал құмның ішіндегі жалғыз ауылдың жатаған үйлері мен аптап ыстықта ойнап жүрген балалар көрінеді. Бірер секунд қана пайда болған Аралдағы осы ауыл көрінісінен кейін қайтадан мінбеде тұрған әнші көрініп, сұқ саусағын көтеріп шамырқана сөйлеген қайсар қыздың жан шырылы былай жалғасады: «Мен ол жерлерде болдым. Маған оны көру өте ауыр болды. Нәрестелердің көзі жоқ, таңдайсыз туылып жатыр, басында шашы жоқ, аяғы, қолы жоқ балалар туылып жатыр. Бұл не сұмдық? Кімнен сұрауымыз керек? Кімге барып айтуымыз керек? Тұтас ұлттың жан азабын, қайғысын, қасіретін естірту үшін, бізді тыңдау үшін қандай тиісті орындарға дейін баруымыз керек?».
Бұл 1988 жыл. Жетпіс жыл мызғымаған Кеңес Одағының сірескен сүңгі мұзы мен тоңының ептеп жібіп келе жатқан жылымық шағы болса да, әлі толықтай ерімеген кезі. Жаннан безбей, жеңбек жоқ. Түгел дүниені уысында ұстап, темірдей тәртібімен тітіренткен Кеңес Одағының кезінде шартарапты шарлаған атақ-даңқы мен абырой-беделін жиып қойып, ұлтының басындағы ауыр ахуалды шымбайға бататындай шырқырап айтып жатыр апамыз. 1986-1990 жылдар аралығындағы КСРО-ның саяси және қоғамдық өміріндегі күрт өзгерістер алғашқы демократия нышанын тудырып, бұл қазақстандық режиссерлердің ашық сыни көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізгеніне, міне, осы фильм дәлел. Арал мен Қазалының төл перзенті Роза Тәжібайқызының намыс ширықтырған мінезбен елінің басындағы қасіретті айтып сөйлеген екі минуттық сөзінде, сол кезеңнің өлшемімен қарағанда, асқан ерлік жатыр»[Ұлттың үні Әнші Бағланованың батырлығы туралы,- деп жазады.
Ал Тәуелсіз Қазақ Елінің алтын әрпімен жазылған Желтоқсан оқиғасында әміршіл, әкімшіл кеңестік жүйеге қарсы шыққан жастар алдында шығып сөйлегенін Роза апамыз былайша еске алады: «... Мен кезінде фашистен де қорыққан жоқпын, кеше таяқталып жатқан өз балаларымнан менің жаным артық емес,- дедім.
Балалардың ортасына барған кезде қолыма микрофон алып:
- Балаларым, мен кішкентаймын, жол ашыңдаршы,- дегенімде, жастар қақ жарылып жол берді. Қарсы алдымда тұрғандар жерге тізерлеп отырды.
- Апатай-ау, неге Назарбаев болмайды, немене оның қолынан келмей ме?- дейді. Мен: «Бауырларым, түбінде сендердің тілектерің болады. Ал қазір қайтыңдар, сүйген жарларыңды, әке, ана, апаларыңды ойлаңдар. Үкімет басындағы адамдарға көмектескендерің сол – сендер тараңдар» - дедім. Сол кезде ел-жұртым дегенде жүрегін беретін 3-4 адам ғана: Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Қалтай Мұхамеджанов еді. Менен кейін осы үшеуі сөйледі. Сонымен, бұл дау басылды...» [Бағланова Р... ]. Асты сызылған жолдардағы әнші сөзі бұл күнде шындыққа айналды. Осы екі фактіден-ақ ұлт мақтанышы, ұлы әнші Р. Бағланованың «Ту десе, түкірі түспей тұрған кезеңде» Кеңестік жүйеге қарсы тұрып, батырға тән ерлік ісі тарихтың ақтаңдақтар беттерінен өз орнын алары сөзсіз. Сондай-ақ, Ғаламтор беттерінің бірінде: «...Санкт-Петербургтағы «Эрмитажға» алып кеткен тайқазанның Түркістан мешітіне қайтарылуына да Роза Тәжібайқызының себепкер болғанын көпшілігіміз біле бермеспіз»,- деген жолдарынан жүрегі ән деп, «айналайын, халқымнан» деп соққан, күміс көмей әнші Р. Тәжібайқызының қазақтың төл мұрасын елге қайтаруда дипломатиялық рөл атқарғанын аңғаруға болады.
Жоғарыда келтірген деректерден Роза Тәжібайқызының азаматтық, адами болмысының бір парағы болса, ол шырқаған қазақ, орыс және әлем халықтарының әндері халықтың, өнер сүйер қауыммен бірге, Отан қорғау жолындағы жүрген әрбір сарбаздың бойына туған елге, ел қорғауға деген патриоттық рухта жігерлендірудің көшбасшы-әншісі десек, артық айтқанымыз болмас.
Қорыта келгенде, «Ән – менің өмірім. ... елу жылдан аса күлкімді де, махаббатымды да, өз бойымдағы нәрімді де – бәрін де әніме бердім» [Бағланова Р...],- дегендей, Сыр бойынан түлеп ұшып, өзбек еліне түстеніп,туған еліне қайта келіп, әлемнің 54 елінде ән шырқаған, қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлттың ұлы әншісі Роза Тәжібайқызының ән әлемі алыстаған сайын биіктей бермек.

М. Қожанұлы
«ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»
төсбелгі иегері,
филология ғылымдарының кандидаты,
профессор
Нұр-Сұлтан қ.