Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда маска режимі қашан алынады

Қазақстанда маска режимі қашан алынады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова қоғамдық орындарда медициналық бетперде кию мәселесін қозғады, деп хабарлайды egemen.kz
«Маска кию міндетті болып табылады. Вакцина салдырған адамдар да ауруы мүмкін екені белгілі. Дегенмен, вакцинацияланған азаматтар әлі де инфекцияға бейім емес және ауруға оңай төзеді. Сондықтан бүгінде әлем бойынша ешкім маска тағу режимін алып тастаған жоқ», деп хабарлады Есмағамбетова.
Оның айтуынша, әлемде ешкім қорғаныс маскаларынан бас тартуға болатын нақты күнді айта алмайды.
«Енді ешкім сізге нақты күнді айтпайды, бұл көп факторлы әрекеттердің нәтижесі. Біз неғұрлым баяу вакцинацияласақ, вирустың таралуы соғұрлым көп болады және мутация мүмкіндігі де жоғары болады. Ал вирустың мутациясын бүгінде болжау мүмкін емес. ДДСҰ вирусты қауіпті мутацияларға бөледі, оларды бақылау қажет», деп түсіндірді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, ДДСҰ ұжымдық иммунитет деңгейі бойынша көрсеткіштерді қайта қарады, оны қалыптастыру үшін халықтың 60%-ын емес, 80%-ын вакцинациялау қажет. Сонда ғана адамдар қалыпты өмірге орала алады.
«Біз бәріміз маскалардан шаршадық, бірақ, бұл коронавирустан қорғану шараларының бірі», деп түйіндеді Есмағамбетова.


10 қараша 2021 ж. 393 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930