Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халқыаралық турнир өз мәресіне жетті

Халқыаралық турнир өз мәресіне жетті

Бүгін Қазалыда осыдан 2 күн бұрын басталған мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен 2002-2004 жылы туылған жастар арасындағы ХV халықаралық турнир аяқталды.
Жарыстың соңғы күні балуандар жұбаныш белдесулерін өткізіп, 5 салмақ бойынша ақтық сында белдесті.
Бозкілемде бапкерлерінің айтқанын екі етпей орындаған епті балуандар қарсыластарынан басым түсіп, жеңістің биік тұғырынан көрінді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, Қазалы және Арал аудандарының құрметті азаматы Айтбай Көшербай, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Нұрболат Ибраев, турнирдің бас төрешісі Ғабиден Райымбек, ардагер спортшылар Дәстен Айбосынов, Нұрлыбек Есбосынов марапаттап, медальдарын табыстады.
Сонымен қатар, турнирде көрермен көзайымына айналған балуандарға да арнайы жүлделер табыс етілді.
Турнирдің жабылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев турнирдің жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан барша азаматтар мен бозкілемде белдескен балуандарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевтың Қазалы ауданында көптеген спорт нысандарын салуға мұрындық болғанын атап өтті.
Айта кетейік, жастар арасындағы байрақты бәсекеге еліміздің 14 өңірінен 200-ге тарта балуан келіп, бақтарын сынады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

24 қазан 2021 ж. 773 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031