Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Нұр-Сұлтан қаласында Алматы облысымен бірігіп 11-12 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке «Хан шатыры» сауда орталығының жанында, Тұран даңғылы мен Д.Қонаев көшесінің қиылысындағы бірыңғай конструкциямен жабылған алаңда ұйымдастырылады. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.
Жәрмеңкеде 70-ке жуық облысымыздың дихандары мен кәсіпорындары 40 жүк автокөліктермен жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын 400 тоннаға жуық өнімдерді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ұсынатын болады.
Облыстан жәрмеңкеге 100 тонна ақталған күріш, 20 тонна балық және балық өнімдері, 50 тонна асқабақ, 150 тонна бақша, 45 тонна көкөніс пен жеміс, 10 тонна ет пен шұжық өнімдері және 5 тоннадай сүт өнім түрлері жеткізіледі.
Өнім тиелген жүк көліктері 8 қыркүйек күні жолға шығады. Сыр елінің Елордада өткізілетін жәрмеңкесі 2 күн болады.
08 қыркүйек 2021 ж. 596 0

Жеті қырлы, бір сырлы

05 тамыз 2025 ж. 165

Экономикада серпін бар

05 тамыз 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031