Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі астана күнімен құттықтады

Аудан әкімі астана күнімен құттықтады

Құрметті қазалылықтар!
Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің астанамыз мемлекетіміздің басты мақтанышы, әрі символы. Бұл кең-байтақ отанымыздың жүрегі. Сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған рухты бабаларымыздың арманы болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайталанбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала.
Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы – саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы.
Құрметті жерлестер!
Нұр-Сұлтан қаласы мерекені жаңа жетістіктермен, тың күшпен, шалқар шабытпен қарсы алып отыр. Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде.
Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз.
Баршаңызды осы қуанышты мерекемен тағы да құттықтаймын!
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!
Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар Оразбаев
06 шілде 2021 ж. 3 449 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031