Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға қытайлық Vero Cell вакцинасы жеткізілді

Қазақстанға қытайлық Vero Cell вакцинасы жеткізілді

Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы Бейжіңнен Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

1 миллион дозаны жеткізу Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "СК-Фармация" тапсырыс берген екі рейс бойынша жүзеге асырылуда.
Алғашқы бөлігі KC268 рейсімен бүгін Алматыға Boeing 767 жартылай жүк ұшағында сағат 12:30-да келді. Екінші рейс ертеңге, 11 тамыз 13:20-ға жоспарланды. Жалпы салмағы 20 тонналық медициналық жүк 72 сағат ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін 2°С-тан 8°С-қа дейінгі температуралық режимді сақтайтын термоконтейнерлерде тасымалданады.
"Air Astana денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп, қазақстандықтарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың кең спектрін ұсынуға тырысады. Жаппай вакцинацияның арқасында Қазақстан жақында ұжымдық иммунитетіне қол жеткізіп, елдегі аурушаңдық көрсеткіші айтарлықтай төмендейтініне үміттенеміз", – деді Air Astana-ның жүк тасымалы жөніндегі басқарушы директоры Жанна Шаяхметова.
2020 жылдан бастап Air Astana жаһандық коронавирустық пандемиямен күресу үшін 1700 тоннадан астам медициналық жүк тасымалдады. Бұл дәрі-дәрмектер, оттегі шоғырлағыштары, ӨЖЖ аппараттары, жеке қорғаныс құралдары және т.б.
10 тамыз 2021 ж. 442 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 38

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 86

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 93

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 62

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 97

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031