Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылысшы қай уақытта да құрметті және абыройлы мамандық. Сіздер сол талапқа сай аудан аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Ауданның, ауылдың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе.
Соңғы жылдарда тұрғындар сұранысы мен талғамына қарай сіздердің кәсіби бағыттағы ізденістеріңіздің нәтижесінде құрылыс сәулеті жаңа кейіп-келбетімен ерекшеленуде. Халықтың қолайлы тұрмысына жан-жақты жағдай жасау үшін инфрақұрылым ауқымы да кеңейді. Қазір қала мен ауыл құрылыстарының сәні мен мәні теңесті. Осы орайда атқарылып жатқан жұмыстар ұлан-ғайыр. Сондықтан Сіздерге көрсетілетін құрмет те, айтар алғыс та мол.
Құрметті құрылысшылар!
Сіздер алдағы уақытта да үнемі ізденіс үстінде болып, қасиетті Қазалы ауданының сәулеттік келбетін одан әрі әрлендіре және өздеріңіздің тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңізді халық игілігіне жұмсай береді деп сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, қызметте табысы мол жаңа замануи жобалар және сарқылмас қайрат тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ
07 тамыз 2021 ж. 1 498 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031