Қалыпты тіршілікке ертерек оралу үшін вакцинаны белсенді түрде салуымыз керек
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар маңызды мәселелер бойынша кеңейтілген отырыс өткізді.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, салалық басқарма басшылары мен онлайн режимде қала, аудан әкімдері қатысты.
Отырыста екі мәселе қаралды. Алғашқысы – мүлік иелерінің бірлестігі институтын енгізу жағдайына арналды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов көпқабатты тұрғын үйді басқаруға қажетті жаңа тетік – мүлік иелерінің бірлестігін құру жұмыстарына тоқталып, негізгі алгортимдерді түсіндірді.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары» заңына сәйкес пәтерлердің меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және сақталуын қамтамасыз ету үшін алдағы кезеңде мүліктің меншік иелері бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) құрылады. Бұл ретте қазіргі КСК-лар (ПИК) өз қызметін 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатады. Соған сәйкес, тұрғындар көп қабатты тұрғын үйді басқару үшін ағымдағы жылдың соңына дейін басқарудың жаңа түріне өтеді.
Айта кету керек, бұрынғы қолданыстағы механизмде КСК-лар бірнеше үйге бір ғана есеп шот арқылы қызмет көрсетті. Яғни, есеп шотқа ие болып, тұрғындардан жиналатын қаржыны өздері басқарды. Ал, жаңа қабылданған механизмде әр үйге сол үйдің тұрғындарының қатысуымен ғана жеке басқару органы және бір есеп шот құрылады. Басқару органы жұмыстарға тапсырыс береді, мердігерден жұмысты қабылдайды және оған төлем жасайды. Бұл қызмет көрсету сапасына бақылау жасап, ақша қозғалысына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Жаңа реформаны тұрғындарға жеткізу үшін арнайы Жол картасы және медиа-жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін өңірдегі барлық 1019 үйге бірлестік құрылады. Қалған 203 үй коммуналдық меншікте болуына байланысты басқарудың жаңа нысандарына көшірілмейді.
Жиында облыс әкімі қала, аудан әкімдеріне бұл жұмыстардың маңызды екенін атап өтіп, мүлік иелері бірлестігі және жай серіктестіктерді құруды белесенді түрде ұйымдастырып, жыл соңына дейін толық аяқтауды және көпқабатты тұрғын үй шығыстарының ең төменгі мөлшерін бекітуді, кондоминиум нысандарының санын өзектендіру және әділет органдарына тіркеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Ал, басқарма басшысы Руслан Нұрмағанбетов пен облыстық статистика департаменті Мария Баекееваға көп қабатты тұрғын үйлердің санын сәйкестендіру, тиісінше ай сайын мониторинг жүргізуді міндеттеді. Сонымен бірге сала басшыларына құрылған меншік иелері бірлестіктерін есепке алуды қысқа мерзім ішінде ұйымдастырып, халыққа жаңа тетіктерді енгізу қажеттігі туралы ақпараттық насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл ретте көзделген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды орынбасары Серік Сүлейменовке жүктеді.
Отырыста коронавирустық инфекцияны алдын алу және екпе жұмыстарын үйлестіру мәселелері қаралды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов індеттен сақтану үшін тұрғындарға вакцина салу көрсеткіштерін атап, нақты ахуалды баяндады.
Бүгінде өңірде 106 екпе кабинеті ашылып, 37 жылжымалы көшпелі пункттің жұмысы ұйымдастырылған. Ал, облыс бойынша 19 медициналық мекемеде коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Өңірде 1 ақпанынан бері 238 350 вакцина дозасы жеткізілген. Жеткізілген 1 компонент – 151 050 доза вакцинаның 2000 дозасы – QazVac-in, 32 250 доза – HayatVax, 105 800 доза – Спутник – V, 11 000 доза – CoronaVac вакцинасы.
Аймақ басшысы көрші мемлекеттерде індеттің қайта күшейе түскенін еске салып, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін белсенді түрді екпеге шақыру қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
«Облыс «жасыл аймаққа» тұрақтанды. Бұл короновирустық инфекция толықтай жойылды деген емес. Әлі де сақтық шараларын күшейтіп, тұрғындарды вакцинациялау жұмыстарын жандандыру керек. Қалыпты тіршілікке қайта оралуымыз үшін вакцинаны белсенді түрде салуымыз қажет. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, барлық басқарма басшылары вакцинациялау жұмыстарын күшейту керек. Ал, ірі кәсіпорындарда жұмыс жасайтын қызметкерлер арасында екпе алу маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырамын. Сонымен бірге кәсіпкерлік нысандар «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу жұмыстарын жандандырсын. Осы берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау орынбасарым Балжан Шаменоваға жүктеледі», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.