Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Егіс басындағы елеулі іс

Егіс басындағы елеулі іс

Мамыр несібесін жерден терген диқандар қауымы үшін жұмыстың нағыз қызған шағы. 6137 гектар жерге күріш еккен ауданның диқандары қазіргі таңда күріштікті суға бастыру жұмыстарын аяқтауға жақын.
Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев бірқатар ауылда болып, диқандар қауымының жай-күйімен танысты.
Аудан басшысы ат басын бұрған «Сыр маржаны», «Рза-Агро», «Агро-Өркен», «Алшын», «Жанкент-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Ақмаржан», «Мерей» шаруа қожалықтарының егістік алқаптарындағы еңбеккерлер егістік күтімі туралы ойларын ортаға салды. Олардың қатарындағы басты мәселеге айналып отырған Сырдария өзеніндегі су мәселесіне байланысты алаңдаушылық туралы М.Оразбаев та өз пікірін білдірді. Сондай-ақ алдағы уақытта да аудан көлемінде атқарылып жатқан көктемгі дала жұмыстары мен күріштік алқаптарын суару жұмыстары күн тәртібінен түспей, бақылауда болатынын жеткізді. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін тиісті сала басшыларына шұғыл шешімдер қабылдап, қатаң бақылауда ұстау жөнінде арнайы тапсырма берді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
02 маусым 2021 ж. 817 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 138

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 136

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031