Қазалы » Жаңалықтар » Қызылорда қаласының әкімі қызметінен босатылды
Қызылорда қаласының әкімі қызметінен босатылды
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда әкімі қызметінен кетті. Енді ол - премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің сайтында мәлім болды. Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005–2007 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жылдары — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жылдары — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.