Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақтыға – алғыс, қадірліге – құрмет

Ардақтыға – алғыс, қадірліге – құрмет

Жуырда аудан әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзікжандылармен кездесу өтті. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізілген басқосуға аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысты.

– Бүгін біз сіздермен мерейлі мерекеге орай кездесіп отырмыз. Арамызда әртүрлі саланың өкілдері бар. Олар денсаулық, білім, үкіметтік емес ұйымдар, дін және БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша еңбек етіп келеді.
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дейді қазақ халқы. Тал бесіктің иесі – әйел. Қоғамымыздың келешегі, тәуелсіздік тағдыры сіздерге байланысты. Жас мемлекеттің нығайып, әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына, өркениет жолымен дамуына өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенім мол. Барға тасымай, жоққа жасымай, уақытша қиыншылықтарға мойымай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан әйелдер қауымына әрқашан бас иеміз, – деді әкім орынбасары.
Кездесуге қатысқан белсенді әйелдер қауымына сый-сияпат пен аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды. Жиын барысында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Шорақызы мерекелік шараға қатысушыларды құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

06 наурыз 2021 ж. 2 811 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031