Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арманға қанат қақтырған

Арманға қанат қақтырған

Жуырда бастау алған «Менің арманым» жобасы өңірдегі ерекше жандардың арманын орындауға атсалысып жүр. Жобаның жетекшісі – Қазалы аудандық мәслихат депутаты Жанат Ержігітова.
Бейсенбі күні аталмыш жоба аясында Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Оразбек Абайұлының арманын орындау мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханада еркін форматта кездесу ұйымдастырылды. Шараға кітапхана ұжымы, ерікті жас кәсіпкерлер мен Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Нұрбек Ақпанбетов қатысты.
Жобаның басты кейіпкері 23 жастағы Оразбек мүмкіндігі шектеулі жан болса да өз арманынан күдер үзбеген қайсар жігіт. Ол бала күнінен журналист болуды армандайды.
Шара барысында Жанат Нұрсұлтанқызы: «Қазалы қайырымды жастары» еріктілер ұйымының белсенділерімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж жандардың арман-тілектерін орындап келеміз. Бірнеше аптадан бері ерекше жандарға көңіл бөлу мақсатында «Менің арманым» жобасы қолға алынған болатын. Осы уақыт аралығында 3 ерекше жанның тілегін орындауға себеп болдық. Осындай ерекше тағдырлы жанды өзіміз іздестіріп немесе келіп түскен ақпарат арқылы анықтап білеміз», – деді ол.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Әбілқасымқызы жаңадан бастау алған жобаға сәттілік тілеп, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Әбенұлының атынан Оразбекке Алғыс хатты табыс етті. Сонымен қатар «Қазалы» газеті редакциясының ұжымы Оразбектің «Журналист болғым келеді» деген тілегін назарға алып, бас редактордың орынбасары газеттің «штаттан тыс тілшісі» куәлігін табыстап, алдағы өміріне сәттілік тіледі. Басқосу соңында Жанат Нұрсұлтанқызы бүгінгі жиынға қолдау білдірген жас ерікті кәсіпкерлер мен аудандық кітапхана ұжымына алғыс білдірді. Алдағы уақытта игі бастама жалғасын тауып, арманына қол созған жандардың тілегін әлі талай орындауға себеп болады деп сенеміз.

Арайлым ЖҮСІПОВА
27 ақпан 2021 ж. 2 726 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930