Белсенділер абырой биігінде

Облыстық мәслихат депутаттығына сайланған Мінәжадин Өтеев пен Ібайдулла Тілептен бөлек «Ашық есік» акциясы аясында жер-жерді аралап, халық ықыласына бөленген үміткерлердің жұмысын сайлау нәтижесінен-ақ байқасақ болады. Ауданның халық қалаулысы болуға ұмтылған азаматтар қазалылықтарды мазалаған түйіткілді мәселелер мен олардың ұсыныс-пікірлерін жинақтап, партияның жақын келешектегі жоспарына енгізді. Олардың елге деген жанашырлығы ескеріліп Нұрғиса Жалғасбай, Эльмира Нұрмағанбетова, Жанат Көланова, Алтын Құрақбаева секілді тағы бірқатар кандидат партия төрағасының ыстық ықыласына бөленді.
Бұдан бөлек уақытпен санаспай, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген партияның ондаған ерікті жастарына да Н.Әбішұлының марапаты бұйырды. Сайлауға дейінгі айдан астам уақытта белсенділігі мен жауапкершілігін қатар танытқан Арыстанбек Қабылша, Аян Иманалиев, Назерке Балапан, Дәрен Бәлдір, Ақтілек Құдайберген, Әлия Сүлейменова сияқты жігерлі жастарға Алғысты «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан табыстады. Ол еріктілерге ел болашағына бейжай қарамағаны үшін ризашылығын білдіріп, бұдан кейін де бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ризашылық хатын жергілікті журналистер де алды. Сайлау науқанында үміткер партиялардың үнін жұртшылыққа жеткізіп, толыққанды ақпарат таратқан аудандық «Қазалы» газетінің қызметкерлері Ринат Әбдіқалық, Абзал Жолтерек пен Серік Ақмырзаның еңбегі бағаланды.
“ҚАЗАЛЫ” ақпарат