Ібайдулла Тілеп: Біздің жауапкершілігіміз аса маңызды
Kyzylorda-news.kz. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен бүгінгі «Nur Otan» партиясының съезінде біршама мәселе айтылды, көп жоспарлар қамтылды.
Партия съезінде партия үшін приципті мәселе ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін алғаны өте дұрыс деп ойлаймын. Өз елінің болашағына немқұрайлы қарамайтын мені де елеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тəрбиесіне зиян əкелетіні қынжылтады. Партия бұл індетпен күресу жолында біршама жұмыстар атқарды, атқарып та жатыр. Осы мәселе төңірегінде арнайы бағдарлама да қабылдады. Онымен іс бітіп жатқан жоқ. Себебі, бұл кеселмен тек партия ғана күресуі жауға жалғыз шапқанмен бірдей емеспе?! Сондықтан көп болып күрессек кеселдің бетін қайтаруға болады. Бүгінгі съезде де «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы жарияланды. Мыңдаған шаралар жоспарланды. Осы орайда, «Nur Otan» партиясының да жауапкершілігі бекітілген.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында «Nur Otan» партиясының нақты тетіктері бар деп білемін. Жаңа сайлауалды бағдарламаны орындау — саяси партияның айналасына жиналған біздердің басты міндетіміз, әрі жауапкершілігіміз.
Ібайдулла ТІЛЕП,
«Nur Otan»партиясы Қазалы аудандық
филиалы жанындағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
қоғамдық кеңес төрағасы.