Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі ауылға емхана салынады

Екі ауылға емхана салынады

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мінәжадин Өтеев, Тілеп Ибадулла, Әділбек Сарабеков, Роза Асанова, Ғалымбек Баймаханов және Рабиға Қарымсақова Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті.
Партия өкілдері халықтың мұң-мұқтажы мен өзекті проблемаларын саралады. Аудан тұрғындары партия мүшелерімен кездесу барысында өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.
Басты мәселелер – егістік алқаптардағы су тапшылығын жою, жастарды жұмыспен қамту, елді мекендерді өркендету турасында сөз қозғалды.
«Облыстың 19 елді мекені газбен қамтамасыз етіледі, оның ішінде Қазалы қаласы да бар. Партия 27 жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтауды мақсат етіп отыр. Оның ішінде Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі аудандық емхананың құрылысы да бар. Облыста 23 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүреді. Қазалы ауданының Бозкөл, Қаукей ауылдары да қамтылған. Сондай-ақ Қазалы ауданында да ресурстық инклюзивтік орталық ашу жоспарланған», – деді үміткерлер.
Сонымен қатар, партия мүшелері қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен ­таныстырды. Партияның жетістігін және ел мүддесі үшін жасап келе жатқан жұмыстарын айтып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының
қаражатынан төленді
16 желтоқсан 2020 ж. 1 721 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031