Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапханадағы келелі кездесу

Кітапханадағы келелі кездесу

Өздеріңізге белгілі қазалылықтардың Мемлекет басшысының Жолдауы мен мақалаларына білдірген пікірлері газет бетінде жиі жарияланады. Ел көшбасшысының жоспары мен бастамаларын түсініп, талқыға салу өркениетті елдерде орын алуы тиіс құбылыс екені белгілі. Соған орай кеше аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында “Міндет – қуатты елдің иесі және кемел халық болу” тақырыбында оқырмандармен кездесу өткізді. Келелі жиында ақсақалдар мен ауданның арда азаматтары пікір-пайымдарын ортаға салды.
Негізінен кітапхана ұжымы ұлттық идеологияға жағымды, патриоттық рух беретін басқосуларды жиі жасап тұратынын айта кеткен жөн. Ұжым мүшелері кезекті пікірталас тамыры терең тарихымызды дәріптеу арқылы ұлттық рухты көтеріп, ұрпақты мемлекетшілдікке, отаншылдыққа шақыру, мемлекеттік тілді, тарихты насихаттау мақсатында ұйымдастырғандарын алдымен атап өтті. Көпшілік алдында келісті пікірімен бөлісу үшін халыққа білім беру ісінің үздігі, зейнеткер ұстаздар Қадірбек Бекетов, Серік Баймен, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, ҚР журналистер одағының мүшесі Бақытжан Түменбай арнайы келді. Олар оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері алдында еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттарын атап, азаттықтың қадір-қасиетін түсіндіріп, ұлт тарихының мән-маңызын, құндылықтар сабақтастығының жай-жапсарын ­баяндады.
Мемлекет басшысы кезекті мақаласында коронавирус індетінен кейін қалыпты өмірге қайта оралған сәтте ең басты құндылық – Тәуелсіздік, оның құны мен қасиетті жайында сөз қозғағаны белгілі. Шекараның тұтастығы, келешек ұрпақтың азаттығы мен қазақ елінің әлемдік аренада терезесі тең болуы үшін Тәуелсіздіктің шаңырағы берік болуы керек. Осылай пікір білдірген Бақытжан Түменбай мемлекет басшысының ел дамуын үш кезеңге бөліп, алға батыл жоспар қоя білгендігін жоғары бағалайтынын айтты.
Ал кітапхана ұжымы Президенттің мақаласы оларға жаңа серпін мен тың белестерді бағындыруға жігер қосқанын айтып отыр. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жаңашыл концепцияға балап, өткен күн, қазіргі шақ пен болашақ арасын жалғайтын рухани таным ретінде бағалады.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
13 қаңтар 2021 ж. 2 601 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930