Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым

Осындай тақырыппен аудандық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ардагерлермен мерекелік кездесу кеші өткізілді. Онда құрметті қонақтар: аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім инспекторы Күмісбай Серікбаев, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестіруші маманы Асылхан Дәрібаев, Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің кітапханашысы Ұлдана Ақбай мерекелік лебізін білдірді.
Тағылымды шарада Ұлы Отан соғысының зардаптары мен Отан үшін жан қиған аталарымыздың өшпес өнегесін жас буынға насихаттау мақсатында «Ерлікті сүйген ел нұрлы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалынды. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің және №266 мектеп-лицейдің өнерлі оқушылары әскери-патриоттық әндерді орындады. Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 орта мектептің шәкірттері мен «Үздік оқырман – 2018» жас оқырмандар байқауының бірінші орын иегері Нұржан Байқадамов жыр шумақтарын арнады.
Кеш барысында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Әбілқасымқызы қонақтарға алғыс білдіріп, сый-сыяпаттар табыстады.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
10 мамыр 2018 ж. 2 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30