Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау кезіндегі сақтық

Сайлау кезіндегі сақтық

Жұма күні аудан әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өтті. Онда Қазалы аудандық «Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова мен Қазалы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қадырхан Қуандықов 10 қаңтар күні өтетін сайлау уақытында дауыс берушілерге жүктелетін міндетті баяндап берді.
Ең бірінші сөз алған Гүлсім Жұманқызы елде коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастардың саны әлі де тоқтамай тұрғанын айтып, сайлау кезінде сақтық шараларын қатаң түрде сақтауды ескертті.
– Құрметті аудан тұрғындары және парламент мәжілісінің облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушылары! Жуырда өтетін сайлау үйіне бетперде тағып келулеріңіз қажет. Ал маска ауыз, мұрын және иекті толық жабуы керек. Тағы бір ескеретін жайт, жандарыңызға бала ертіп келуге болмайды. Сондай-ақ сайлау үйінде арақашықтыққа аса мән беріле отырып, дене температурасы өлшенетін болады. Егер ол 37-ден асып, ауру белгілері байқалатын болса, арнайы жабдықталған бөлмеге медицина қызметкерлері келгенше оқшауланады.
Өздеріңіз білетіндей, сайлау жүретін барлық орындарда дезинфекциялық құралдар болады. Соған сәйкес қолдарыңызды залалсыздандыру қажет. Мұнан соң жүріп-тұруға арналған сызықтардың бойымен жүріп, көпшіліктің топтасуын болдырмас үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қол алысу сияқты басқа да жақындасуды болдырмау керек. Ал бетпердені жеке басты анықтау үшін сұрағанда шешу керек, – деді Гүлсім Имандосова.
Басшының айтуынша, сайлаудағы дауыс беретін орындар міндетті түрде дезинфекциялық заттармен жуылуы керек. Дауыс берушілердің мүмкіндігінше жеке қаламы болғаны дұрыс. Одан бөлек дауыс беретін жердің алдыңғы пердесі болмайды. Сондай-ақ дауыс беріп болған соң пайдаланылған заттарды шығар есіктің алдындағы жәшікке тастау қажет. Ол жоюға жөнелтіледі. Ал денсаулығына байланысты немесе науқастарды күтуге байланысты сайлауға қатыса алмаған жұртшылық, өз өтініштері бойынша сайлау жәшігі үй жайына апарылады. Ол үйге кіргізілмей, есіктің алдындағы сатыға қойылады. Гүлсім Жұманқызы сөзін қорытындылай келе сайлаушылардан айналасындағылардың амандығы үшін сақтық шараларын қатаң сақтауды өтінді.
Мұнан соң сөз алған аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Кадырхан Қуандықов аудан тұрғындарына сайлау уақытында тәртіпке бағынуды сұрап, өздеріне жүктелген жұмыстарды баяндады.
– Аудан көлемінде 40 сайлау учаскесіне аудандық полиция бөлімі тарапынан 80 қызметкер бөлінді. Олар қоғамдық тәртіпті қадағалап, тиісті жұмыстарды жасайды. Бөлінген қызметкерлерге құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі түсіндірілді. Сондай-ақ дауыс беру үйлеріне ішімдік ішіп келуге болмайды. Ал ол орын алған жағдайда әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434 және 440-ші баптар бойынша шара көріледі. Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді сайлау уақытында қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын, – деді Кадырхан Есқараұлы.
Айта кетейік, аудан көлемінде 40 сайлау учаскесі болса, оның 13-і кентте, 3-і Қазалы қаласында және 24-і елді мекендерде орналасқан.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
09 қаңтар 2021 ж. 2 375 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031