Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар көлік салығын қашан төлеу керегі айтылды

Қазақстандықтар көлік салығын қашан төлеу керегі айтылды

Қазақстандықтар көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер айтты.
"Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылған соң көлікке салынатын салық мөлшерін ұлғайтуға қатысты азаматтардан өтініштер түсіп жатыр.
Салық төлеуші 2020 жылға арналған салық міндеттемелерін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін орындауы керек.
Көлік салығының сомасы 2020 жылғы 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады", - делінген комитеттің хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, жоғарыда көрсетілген мерзімде АЕК мөлшері 2 651 теңге болады. Салық осы көрсеткіштен есептеледі.
"2021 жыл үшін көлік салығын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген кезде 2021 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК қолданылады", - деді комитеттегілер.
Еске салайық, мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі өзгермейді, салықтардың осы түрлері бойынша міндеттемелер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек.
Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген салықтарды жаңа формада - біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төлейтіні айтылады.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылған болатын. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенат отырысында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған еді.
30 желтоқсан 2020 ж. 2 525 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 188

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 130

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031