Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа электр станция жұмысы жанданды

Жаңа электр станция жұмысы жанданды

Ауданда 2008 жылы іргетасы қаланған «Энергомеро» ЖШС бар. Ондағы қызметкерлер бүгінге дейін міндеттелген жұмысты уақытылы тәмамдап, тиянақты ұжым екенін талай рет дәлелдеп келеді. Олар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізеді. Нақтыласақ электр желілері мен трансформатор қондырғыларын орнатады. Сондай-ақ 110/35/10 кВ өртке қарсы дабыл қаққыш, түңгі шамдар, түрлі-түсті жарықпен ғимараттар мен көшелерді безендіру, бағдаршам орнатып, олардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде мекемені білікті басшы Бекетай Мұқашов басқарады.
Жалпы «Энергомеро» серіктестігі ашылған сәттен бастап және қазірге дейін көптеген маңызды нысандардың басы-қасында болып, құрылысын жүргізді. Атап айтсақ мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, саябақ, спорттық кешен, өнеркәсіптік аймақ, кәсіпкерлік нысан, жаңа тұрғын аймағы, халықаралық көлік дәлізі, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай нысандары, Арал теңізінің су-реттеу жұмысын электрмен қамтамасыз етті.
Міне, осы серіктестік Төретам кентінен кезекті құрылыс жұмыстарын бастаған. Аталған жоба мамыр айында басталып, бүгінге дейін жалғасты. Ол – Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі «35/10 кВ №22 қосалқы станциясын кеңейту және қайта жаңғырту» жобасы. Мұның құрылысы жоғары деңгейде орындалып, пайдалануға берілді. Жоба құны 1 249,7 миллион теңгені құрайды.
Жүйелі жұмысты көзбен көру үшін өткен аптада «Энергомеро» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп Төретам кентіне жолға шықтық. Аз уақытта кенттің шет жағында орналасқан станцияға аялдадық.
Негізінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында Қармақшы ауданында электр желілері мен қосалқы станцияларды қайта жаңартудың 3 жобасы іске қосылған. Оның біреуі осы құрылыс. Мақсаты – тұрғындарды электрмен қамтамасыз етіп, ескісін жаңалау.
Құрылыс аяқталды. Ендігі тұрғындар үшін электр мәселесі қиындық туындатпайды. Мәресіне жеткен жобаны бақылауға ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келіп, электр станцияның қайта жаңғыру жұмыстарымен танысты.
Жұмыс барысында қуаты 25 МВА 220/35/10 кВ пен 6,3 МВА 35/10 кВ трансформаторлар орнатылып, 220 кВ және 35 кВ тарату құрылғысы салынған. Сондай-ақ сыртқы қондырғыларға арналған ашық тарату құрылғысы жүрген. Мұнан бөлек шаруаларды серіктестіктің бас инженері Нұрбақыт Құлмамбетов баяндап берді.
– Негізінен бұл – Ақай мен Төретамды ­электрмен қамтамасыз ету үшін қолға алынған. Оған заманауи үлгідегі қондырғылар орнатылды. Соның ішінде баса айтатыны элегаз ажыратқыш, ашық тарату қондырғысын қайта жаңғырту, қуаттылығы 6300 кВА екі дана трансформаторлық қондырғысын орнату, вакуумдық ажыратқыш пен микропроцесорлық қорғанысы бар екі секциялық 10 кВ жиынтық тарату қондырғыларын орнату және жедел диспечерлік басқару пунктінің құрылысы жүрді. Осы жобаның арқасында желіні арттыру үшін екі жерге байланыс мұнарасы қойылды. Оның біреуі Диірментөбеде болса, екіншісі Қорқыт ата кешенінің маңында, – деді бас инженер.
Ал Қызылорда электр тораптар тарату компаниясының басқарма төрағасы Мұхитжан Кәрімбаев негізді жұмыстарды тілге тиек етті.
– Бұған «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Бұрын 4 мыңдық бір ғана трансформатор болса, қазір 6300-ден екеуі қойылды. Электр желілері толығымен жаңартылып, оқшауланған сымдар жүрді. Осы арқылы сенімділік артып, сапасы жоғарылайды, – деді Мұхитжан Исмаилұлы.
Айта кетейік, жоба аясында Қармақшы ­ауданынан 170, Қазалы ауданынан 170 адам жұмысқа тартылған.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
05 желтоқсан 2020 ж. 1 428 0

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 73

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 75

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 67

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 67

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 96

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031