Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұртшылыққа жарық сыйлағандар

Жұртшылыққа жарық сыйлағандар

Қазіргі таңда тұрмысты электрсіз елестету мүмкін емес. Әлемдегі өркениетті дамудың негіздері: компьютер, ғарыш зымыраны, радио мен теледидар, мобильді телефон, жарық пен жылу, мұздатқыш, ақылды тұрмыстық және өндірістік техниканың бәрі қуат көзінсіз істемейді. Сол себепті жұртшылыққа қалтқысыз қызмет етіп отырған энергетиктердің ел үшін орны ерекше. Олар халықты жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тынбай тер төгеді. Соның арқасында тұрғындардың үйлері жайлы да жарық, ұйымдар мен мекемелердің ісі ілгерілеп келеді.
Осындай қиын да жауапты жұмысты мінсіз атқарып жүрген «Энергомера» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылы наурыз айында құрылды. Оның директоры болып Бекетай Мұхашов тағайындалды. Серіктестік сыртқы және ішкі электр желілері мен трансформатор қондырғыларын монтаждау, өрт дабыл қаққыштарын, түнгі көше жарық шамдарын, көлік бағдаршамдарын орнату және көше мен ғимараттарды түрлі-түсті жарықтық безендірумен айналысады. Оларға техникалық күтім жасау және құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу бағытында қызмет көрсетеді.
«Энергомера» ЖШС ашылған кезден бастап Қызылорда облысы көлемінде салынған маңызды нысандар жұмысына қатысып, бас мердігер және қосалқы мердігерлікті өз дәрежесінде атқарып келеді. Мектеп, бала-бақша, дәрігерлік амбулатория, саябақ, спорт кешендері, өндірістік аймақтар, кәсіпкерлік нысандар, жаңа тұрғын үй аймақтары, Батыс Европа – Батыс Қытай автодәлізі, Арал теңізінің суды реттеу нысандарын электрмен жабдықтауды сапалы орындады.
Сондай-ақ Қазалы ауданы үстімен өтетін халықаралық күре жол бойындағы май құю бекеті мен Әйтеке би кентіндегі ипотекалық үйлерге электр желілерін және трансформатор қондырғысын құру жұмыстарын атқарды. Әйтеке би кентіндегі «Қазалы» автостанциясына трансформатор қою, шет аймақ бағдарламасы бойынша электр желілері мен трансформатор қондырғыларын құру, Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесінде орналасқан 1200 орындық №249 мектеп-лицей құрылысының электр желісі және трансформатор қондырғысын монтаждауды атқарып, Өркендеу елді мекеніндегі 250 орындық мектеп құрылысының сыртқы және ішкі электр желісі және трансформатор қондырғысын, өрт дабыл қаққыштарын орнатты. Қазалы қаласындағы "Ояз" бағына, Аралдағы Ақбай елді мекеніндегі 200 орындық мектепке де жоғарыда айтылғандай шаруалар тындырылды. Ал Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Сарбұлақ, Абай, Мұратбаев, Басықара, Жалаңтөс, Құмжиек, Шәкен елді мекендері мен Қазалы ауылының көшелеріне түнгі жарық шамдар қойылды.
Сапалы қызмет көрсету мақсатында серіктестік Талдықорған, Шымкент, Ақтөбе, Түркістан, Өскемен, Кентау, Қарағанды қаларындағы және Ресейдегі энергоқұрылыс жабдықтарын өндіретін зауыттар, кәсіпорындар, фирмаларымен тығыз іскерлік байланыс жасайды.
Бүгінде "Энергомера" серіктестігінде 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Олардың ішінде, Нұрбақыт Құлманбетов директордың өндіріс және технология жөніндегі орынбасары, Руслан Көлжанов директордың қаржы және құжаттама жөніндегі орынбасары, Шорабек Жұбаев бас есепші, Айбибі Төреахметова есепші, Ақмарал Бүркітова кадр жөніндегі менеджер, Бегім Бодықов өндіріс және технология бөлімінің инженері қызметін үлгілі атқарып, ортақ іске лайықты үлестерін қосып жүр.
Сонымен қатар ауылдық округтер мен Қазалы қаласы жарықтандыру мен күтіп ұстауға үш бригада күш-жігерін жұмсайды. Бұл қызмет аясында Эльдар Көшербаев пен Болатбек Лайсов төменгі және жоғарғы кернеулі электр қондырғыларын жөндесе, Өмірбек Жиенқұлов арнайы техникалардың көмегімен электр қондырғылары мен жабдықтарды монтаждауды жүзеге асырады. Осындай қиын істі үйлестіріп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін қойма меңгерушісі Әуесхан Төлепбергеновтің еңбегі атап өтуге тұрарлық. Ауызбірлігі мол ұжым арасынан құрылған "Энергомера" футбол құрамасы аяқдоптан аудандық чемпионатқа тұрақты қатысады. 2017 жылы үлкен футболдан аудан чемпионы атанса, 2018 жылы екінші орынды жеңіп алды.
Жалпы серіктестік жыл сайын мемлекеттік сатып алуға қатысып, Әйтеке би кентіндегі электрмен жабдықтау, бағдаршам орнату, өрт дабыл қондырғыларын орнату, көшелерді жарықтандыру, жарықпен безендіру сынды жұмыстарды талапқа сай орындап келеді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
22 сәуір 2019 ж. 1 429 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930