Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспанасы бардың бағы бар

Баспанасы бардың бағы бар

Әлеуметтік жағдайды жақсарту әуелі баспаналы болудан басталады. Жұмыстан шаршап-шалдығып келгенде «Өз үйім – өлең төсегім» деп арқаны кеңге салып жатқанға не жетсін! Пәтер жағалап, жалақысының жартысын жалдамалы үйге жіберетіндер қатары артып тұрғаны мәлім. Осы өзекті мәселені шешуде Қазалы ауданында бірқатар істер атқарылуда. Тиісті көлемге сай жер беріліп, тұрғын үй кезегінде тұрғандардың да талап-тілегін орындауға күш салынуда. Жуырда жеке баспаналы болатындар қатары тағы да артпақ. Себебі ауданда 4 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Әйтеке би кентінің 5-квартал аумағынан басталған құрылыстың бас мердігері – «Мұнай құрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Құрылысы басталған тұрғын үйлердің жұмысымен танысуға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы барды. Құрылысшылардың жұмысынан хабардар болған аудан басшысы сәттілік тілеп, істің сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.
Баспана мәселесін оңтайлы шешуде қолға алынған бұл жұмыс аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда. Жобаның аяқталу ұзақтығы 8 ай. Алайда мердігер мекеме тұрғын үйдің құрылысын жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Жоба бойынша бір үйде 4 пәтер болады. Әрбір үйде 2 бөлмелі 2 пәтер, 3 бөлмелі 2 пәтерден бар. Тұрғын үй газ, ауызсумен, электрмен қамтылады. Әр пәтер дербес жылу және ыстық сумен біріктірілген, газ отынды қазандығымен жабдықталады. Жаңа баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
21 шілде 2020 ж. 868 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930