Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі-заман қасіреті

Есірткі-заман қасіреті

Нашақорлық- әлемге ортақ проблема, қоғамның дерті. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Ол тікелей санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады.  Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Сондықтан жастар арасында нашақорлық жедел дамып келеді. Олай дейтін себебім, есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады. Қоғам мен әлеуметтік орта бұл кеселмен күресуде өз ықпалын тигізуі қажет.Жанұяда ата-ана мен баланын арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайлылықтың немесе ата-ана арасындағы жиі ұрыс-керістер- мұның бәрі есірткіге бой ұрудың себептері. Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшелігі,атап айтқанда, өзін-өзі бағалау, құрбыларының ықпалына көну, психикалық ауру-депрессиялық синдром есірткіні қолдануды ертеректен бастауға себеп болады.
Адам оны бірінші рет татып көргеннен кейін, оны іздеп тәуелді бола бастайды.Есірткіге ақша табу үшін ата-анасын тілдеп,небір қастандықтарға барып, мал-мүлкін сатып жіберуге дайын тұратын немесе отбасын қатты қинайтын жағдайларға тап болады. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең.
Мысалы, нашақор адам мен дені сау адамды салыстырып көрейік. Дені сау адам таңертең ертерек тұрып, жуынып, таңғы жаттығуларын жасап, тамақтанады, жұмысына барады. Бір күндік уақытын достарымен немесе жанұясымен қызықты өткізеді. Өзі қалағанындай кез-келген нәрсемен айналысып, уақытын текке өткізбейді. Ал нашақор адамды алатын болсақ, ол әдеттегідей тәуелділігімен, сол  есірткіні іздейді де тұрады. Бір күндік өмірі басқалардан ақша талап етумен, есірткіні қалай да тапсам деген ойлармен ғана өтеді. Басқаларды ұмытып, өз әлемінде ғана өмір сүреді. Бұл өмірлердің қайсысы жақсырақ деп ойлайсыз?...
Есірткіге құмар адамдардың қылмыстық істердің ауыр түрлеріне баруы жиі кездесетін жағдайлардың бірі.Осы қатермен күресудің негізі есірткінің таралуы мен қолданылуына шек қою.Осы күрестің негізгі үлесі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне артылады.Олар осы жүкті сезіне отырып,өз қызметтерін жоғары деңгейде мүлтіксіз орындап келеді.
Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күрессек, алынбас қамал жоқ. Біз өзімізді – өзіміз құрметтеуге тиіспіз. Бойымыздағы бар қабілетімізді тек жақсылыққа бағыттап, зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болуымыз қажет. Өзіміздің бос уақытымызды пайдалы іске арнайық. Өз тағдырымыз – өз қолымызда. Бәріміз ғажайып өмірге лайықпыз!
Айжан ӘБДУӘЛИ
Қызылорда облысы,Қазалы қаласы
Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектеп
04 қараша 2020 ж. 1 883 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 70

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 72

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 70

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 52

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031