Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз болашақ

Есірткісіз болашақ

Есірткісіз болашақ!  Есірткі...  Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз  еткен  улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда  есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін  жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда.                                                                                     Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі.
                                                                                                                                                                              Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
       Жалпы айтқанда, есірткі заттары  деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.
       Есірткі дегеніміз адамның орталық  жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.
        Адамның әрекеттерінде, ой – сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалимлевини.
         Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады.   Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық жазасыз  болмайды. Бара-бара  жасөспірімдер  нашақорға,есірткінің  құлына айналады.
     Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады. Есірткіге үйрену өте тез,оны тұтынған сайын көбірек мөлшер керек болады. Есірткі алдымен адамдарды өзіне қызықтырып,адам ағзасын шірітіп есін жоғалтады.  Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге душар болады.Себебі оны бір рет қабылдаған соң оны тағы да қабылдау қажет болады.Бір шырмалаған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды.Сондықтан да есірткінің алдауына түсіп қалмаған жөн.
     Ал, осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Біреулер ермекке дәмін көрмек болып  қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал, одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасынның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың. Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың. Ал осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсын? Ондай достың оларға керегі не? Яғни осының бәрі бір – ақ кезге әкеледі. Сен барлығынан айрыласың. Ал мұндайға жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине ең алдымен өзіңе - өзің берік бол. Сені жолдан тайдыру үшін кейбіреулер сені алдап, есірткіні ұсынады. Ал сен сол кезде не істеуің керек, әлде, не деуің керек?   Әрине, жоқ. 
       Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.    Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. 
Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.  Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.   
      Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен! 
      Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз...  Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық!                                                                                                                                    Салауатты өмір салты - біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне батырмайтық, нашақорлық-тұңғиық түбі.    
       Болашағымыз  нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық! 
Іңкәр ЕРКІН
  Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің 
 7 – сынып оқушысы  Жетекшісі: Майра РАЗАҚОВА
 
 
 
 
 
03 қараша 2020 ж. 6 983 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031