Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қандай жағдайда кинотеатрлар ашылуы мүмкін?

Қазақстанда қандай жағдайда кинотеатрлар ашылуы мүмкін?

Қазақстанда белгілі бір шектеулер қойылса, кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев  айтты.
Оның айтуынша, комитет кинотеатрлар үшін жеңілдік жасау мәселесін қарастырып жатыр. Жақын арада іске асырылуы мүмкін бірнеше нұсқа талқыланып жатыр дейді.
"Қазіргі уақытта комитет бұл мәселені зерттеп, қарастырып жатыр. Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таяудағы отырысында кинотеатрлардың қызметін қайта іске қосу ұсынылады. Алайда залдар 100 пайызға толмайды. Сондай-ақ, кинотеатрлардың иелері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауға міндетті. Біз отырыста ұсынатын боламыз, алайда түпкілікті шешімді комиссия қабылдайды", - деді Байтанаев.
Еске салайық, мұның алдында кинотеатр иелері бизнесі құрдымға кеткенін айтқан еді. Олар 15 миллиард теңге жоғалтқанын мәлімдеген болатын.
30 қыркүйек 2020 ж. 487 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031