Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржолшылар марапат төрінде

Теміржолшылар марапат төрінде

Темiржол – ел экономикасының өзегi, мемлекетiмiздiң қуатты жүйесi. Бiр ғасырдан астам тарихы бар Қазалы теміржол мекемелерінің әлеуметтік жағдайы жыл санап жақсарып келедi.
Жуырда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қазалы вагон пайдалану депосының мәжіліс залында теміржолшылармен кездесті.
Болат жол еңбеккерлерін тамыз айында аталып өтілген кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты өздеріңізбен жүздесудің сәті енді түсіп отыр. Сондықтан да баршаңызды Көлік қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын. Ғасырдан астам тарихы бар Қазалы теміржол мекемелері елдің, туған жеріміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Сол үшін де сіздерге алғыс айтамыз, – деген Мұрат Нәлхожаұлы мұнан соң ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
– Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылуда. Бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ апару, Ақсуат ауылынан 150 орындық клуб салу, ауданды абаттандыру, көшелерді, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу мен жарықтандыру, жұмыстары атқарылатын болады, – деді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Теміржол саласы қызметкерлерімен қойын-қолтық араласу арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мұны біз биылғы аудандағы атқарылған жұмыстан анық көре аламыз.
Басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосып, туған жердің гүлденуіне атсалысқан бірқатар теміржолшы мен ардагерлер облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ж.СОВЕТҰЛЫ
22 тамыз 2020 ж. 844 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930