Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Аз ғана уақыттан соң кезекті жаңа оқу жылы басталады. Биылғы жылдың ерекшелігі сол оқушылар алғашқы тоқсанды қашықтан оқиды. Осы ретте аудан мектептерінің дайындығы қандай? Қашықтан оқитын құрал-жабдықтар жеткілікті ме? Осы және білім саласындағы басқа да мәселелер жөнінде аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рүстем Үмбетов бейсенбі күні өткен әкімдік мәжілісінде айтып берді.
– Оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа оқу жылының бірінші оқу тоқсанында республика бойынша барлық білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қашықтан оқыту енгізілді. Осыған орай аудандағы 37 білім беру ұйымының 31-інде шәкірттер қашықтан білім алатын болады. Ал бала саны 100-ден кем және шалғай елді мекенде орналасқан №78, №146, №134, №259, №258 және №93 мектептердегі 420 шәкірт штаттық режимде және екі ауысымда білім шаңырағы қабырғасында оқиды. Білім ордаларында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады, – деді ол.
Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушының айтуынша, қазіргі таңда аз қамтылған және ерекше білім беруді қажет ететін 487 оқушы планшет пен Sim карталарды алуға және арнайы «Bilim» тарифына қосуға қажетті қаржы жергілікті бюджеттен бөлінген.
Сонымен бірге үйлерінде интернет нүктесі бар, бірақ компьютері жоқ 351 балаға мектеп теңгеріміндегі компьютер қайтарымды негізде беріліп, қашықтан оқытылатын болады.
Сондай-ақ Рүстем Үмбетов білім алушылардың жаңа оқу жылындағы оқулықпен қамтылуы, мектеп ғимаратына ішкі әжетханаларды орналастыру және «Жол картасы» арқылы жөнделіп жатқан білім ошақтары туралы қысқаша айтып өтті.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жақын күндері мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп, нәтижесін хабарлауды аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиевке тапсырды. Рүстем Үмбетовке «Мектепке жол» акциясы демеушілік есебінен балаларға қажетті планшеттер, роутер модем және ұялы телефон алып беру қажеттігін айтты.
Әкімдік мәжілісінде қаралған тағы бір мәселе Қазалы ауданының 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы болды. Ол жайында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов баяндап, алты айдағы жетістіктер мен кемшіліктерді айтып берді.
Басқосу мұнан соң аппарат мәжілісіне ұласып, мұнда да маңызды мәселелер талқыланды.
Алдымен «Ауданда коронавирус індетімен күрес бойынша атқарылып жатқан және алдағы кешенді шаралар туралы» аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова толыққанды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ауылдық округ әкімдерін белсенді жұмыс жасауға шақырды.
Бұл жөнінде аудан басшысы қатаң ескертіп, бірлесе іс атқарудың маңыздылығына тоқталды.
– 17 тамыздан бастап карантиндік шаралар жеңілдегенмен, әлі де бірқатар шектеулер бар. Соларды қатаң сақтауымыз қажет. Мәселен, той-думан әлі тыйылмай тұр. Бұл дегеніміз әкімдердің өз жұмысына салғырттық танытып отырғанының белгісі. Алдағы уақытта мобильдік топ жұмысына салғырттық танытпай, қауіпсіздік шараларын сақтауды ары қарай жалғастыруымыз қажет, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібіндегі жылу беру маусымына дайындық жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сыдықов егжей-тегжейлі баяндады.
«Қыстың қамын, жаз ойла» дегендей аудан басшысы алдағы маусымға әзірлікке орай көгілдір отынға қосылмаған білім, мәдениет, спорт және медицина саласы ғимараттары бойынша нақты тапсырмалар беріп, бекітілген мерзімде аталған мекемелердің қазандығын көгілдір отынға қосуды тапсырды.
Тұрғындарға қажетті қатты отынды қазірден бастап ауданға тасымалдай беру қажеттігін ескертті. Өйткені күн салқындаған уақытта көмірге деген сұраныс артып, қажетті қатты отын жеткізілмей қалуы мүмкін.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкiмi Мұрат Ергешбаев қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына кәсіпкерлікті дамыту, халық сұранысына сәйкес дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау, жұқпалы індеттің алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар беріп, өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Мәжіліске аудан әкiмiнiң орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкiмдерi қатысты.
Аудан әкімдігінің мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйырығымен Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалған Бақытгүл Әлішева таныстырылды. Ол ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, халықтың денсаулығын сақтау саласына өзіндік үлесін қосып келе жатқан білікті маман. Алғашқы еңбек жолын аудандық емханада аймақтық терапевт дәрігер болып бастаған.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев 30 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары санаттағы дәрігердің жұмысына табыс тілеп, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде бар тәжірибесін жұмсайды деп сенім білдірді.

Ж.СОВЕТҰЛЫ
22 тамыз 2020 ж. 737 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 92

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 81

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 66

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031