Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының жаңа оқу жылына дайындығы қалай?

Қызылорда облысының жаңа оқу жылына дайындығы қалай?

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті БАҚ құралдарының өкілдеріне арнап жаңа оқу жылына дайындық шаралары тақырыбында баспасөз конференциясын ұйымдастырды.
Аймақ басшысы өңірдегі білім мәселелеріне қатысты атқарылған жұмыстарға тоқталып, оқу жылын қашықтан өткізу форматының ерекшеліктеріне тоқталды.
Биыл облыстағы 293 мектепте 168 мыңнан аса оқушы білім алады деп күтілуде. Ал, 1-сыныпқа 18 789 бала қабылданбақ. Өңірдегі оқушылардың 83%-ы, яғни 163 491 оқушы бірінші тоқсанды қашықтан оқуды бастайды.
Ал, аудан орталығынан шалғай орналасқан және шағын жинақталған 50 мектепте 4986 оқушыны барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра штаттық режимде оқиды. Бұл өңірдегі оқушылардың 3 пайызын құрайды.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қашықтан оқыту кезінде мектеп оқушылары мен ұстаздары үшін электронды құрылғылармен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқанын тілге тиек етті.
«Оқушылардың компьютер, планшет, ноутбук, смартфондармен қамтылуы талданды. Жетіспейтін құралдар, бірінші кезекте мектеп балансындағы техникаларды беру арқылы, екінші жергілікті жерде демеушілердің қолдауымен шешілуде. Бүгінгі күні Үкіметтен 22 мыңнан аса компьютерлік техникаларды сатып алуға 3,5 млрд.теңге қаржы бөлінуде. Ал, жергілікті бюджет есебінен 2 635 планшет алуға 176 млн.теңге бөлінуде»,-деді облыс әкімі.
07 тамыз 2020 ж. 621 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 86

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930