Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шектеу шаралары жеңілдетілді

Шектеу шаралары жеңілдетілді

Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен созылған екі апталық карантин режимі мәресіне жетті. Жауаптылар осы уақытқа дейін індетпен күресте жіберілген қателіктерді соңғы екі айдың ішінде жөндеп алды десек болады. Өйткені елдегі ахуал қалыпқа келіп, індеттің таралуы, емдеу жолдары бір жүйеге келтіріліп, жағдай бақылауға алынды.

Десек те бұл жағымды жаңалық жұртшылықты еркінсітіп жібермеуі тиіс. Сақтық шараларын қатаң сақтаған жағдайда індетті бүкіл ел жеңіп, байырғы тіршілікке қайта оралуға болады. Ал әзірге Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 Қаулысына сәйкес кешеден бастап іске қосылған нысандар тізімін назарға ұсынамыз.
Енді балалар ойын-сауық орталықтарына, ал ересектер сауда нысандарына (бутиктер) қалаған уақытында бара алмағандары үшін көңілдерін түсірмейді. Бірақ нысан ішіндегі кеңістіктің 30 проценттен артық бөлігі адамдарға толы болса ауыру жұқтыру қаупі артатынын естен шығармаған абзал. Сонымен бірге аталған қызмет көрсету орындары кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнымен қоса меншік нысанына қарамастан балалар коррекция, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтарының 5 адамнан аспайтын топқа қызмет көрсетуіне және балабақшалардың кезекші топтарына есік ашылады. Бірақ бала саны 15-тен аспасын деген талап бар.
Бұдан бөлек сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтар мен косметологиялық қызмет көрсететін орындар таңғы сағат 9:00-ден бастап он сағаттық жұмыс режимімен клиенттер қабылдай алады. Ашық алаңдағы аттракциондар, бассейіні жоқ фитнес орталықтар қызметі уақыт шектеуімен қайта жанданады. Қоғамдық моншаға немесе саунаға барғанды ұнататындарға кешкі 22:00-ге дейін уақыт бөлінген.
Спорт сүйер қауым үшін де қуанышты жаңалық белгілі болды. Ашық алаңда жеке және 5 адамнан аспайтын топтық жаттығулар жасау үшін енді қысылудың қажеті жоқ. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ұлттық құрама, клуб командаларына спорттық жаттығулар өткізуіне де рұқсат етілді. Тек 30 адамнан артық жиналмауы тиіс.
Аудандағы қоғамдық көліктер бұрынғыша жұмыс істеп тұрса да жаңа ережелермен танысып алғаны жөн. Мәселен, соңғы қаулыға сай жолаушылар тасымалымен айналысушылар пик сағатында автобустар санын көбейтуге, соңғы аялдамада дезинфекциялық тазарту жасауға, барлық есіктерді ашып, жолаушылар санының көліктегі орындарға сәйкес болуын қатаң қадағалауы керек. Сонымен қатар қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және басқа демалыс орындары) 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып серуендеуіне болатыны айтылды.
Бұлардан бөлек жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның, қаржы нарығы субъектілерінің, аймақтау талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметі енді халық үшін қолжетімді. Тек әр саланың жұмыс кестесі әртүрлі екенін естен шығармаңыз.
Тағы бір жағымды жаңалық, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 30-дан аспайтын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің тұтынушыларын қабылдауына енді кедергі жоқ. Түнгі 23:00-ге дейін тамақтанып үлгерсеңіз құба-құп. Халыққа тоқтаусыз қызмет көрсететін (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б.) объектілердің жұмысы кешкі сағат 22:00-ге дейін екені бұған дейін де айтылып келген.
Осы тұста әлі де болса тыйым күшінде қалатын шектеулер барын естен шығармаған дұрыс. Атап айтсақ, спорттық-көпшілік, отбасылық, естелік, мерекелік, мәдени-көпшілік, конференция, семинар, көрмелер мен бұдан да басқа көпшілік шараларды ұйымдастырғандар айыппұл арқалауы мүмкін. Әзірге банкет, үйлену тойы, мерейтой мен еске алу жиындарын кейінге шегерген дұрыс.
Түнгі клубтар, компьютерлік, интернет және бильярд орталықтарының есігінен құлып шешілген жоқ. Бұлардың жұмысы тоқтап тұрғанда букмекерлік кеңселер мен лото-мото конторларының тұтынушы қабылдауына болмайтыны түсінікті. Тыйым салынған орындар қатарында мәдениет объектілері, діни орталықтар, оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясы мен жазғы тынығу лагерьлері де бар. Қорқорды жиі тұтынатындардың да бұл әдеттен алшақтауына тура келеді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
18 тамыз 2020 ж. 552 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930